Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және Қазақстан-Британ техникалық университетінің 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында ҚБТУ алаңында «Білім беру технологияларындағы түрленім. Энергия, IT және бизнес: шарттары мен мүмкіндіктері» халықаралық конференциясы өтті.

 

Конференция пленарлық отырыстың "Білім беру технологияларындағы трансформациялар" және үш секцияның жұмысын қамтыды: "Энергетикалық ауысу дәуіріндегі білім беру", "Жаңғырту 5.0", "Цифрлық трансформация және білім беру".

 

Конференцияда білім беру саласындағы жетекші мамандар, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Үндістан, Малайзия, Түркия, Қытай, РФ, ҚР ғалымдары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жергілікті атқарушы органдардың, серіктес компаниялардың өкілдері, Консультативтік кеңес мүшелері, халықаралық ұйымдар, салалық қауымдастықтар және ірі отандық және халықаралық компаниялардың басшылары сөз сөйледі.

 

Конференцияда мынадай тақырыптар талқыланды:

 

- мұнай-газ саласының болашағы;

- энергетикалық ауысу дәуіріндегі заманауи білім беру әдістері саласындағы ғылыми жетістіктерді насихаттау;

- энергетикалық секторда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергетика секторын қайта құрылымдау;

- жасанды интеллект;

- деректер туралы ғылым;

- киберқауіпсіздік;

- білім берудегі цифрлық түрленім;

- бизнес және бәсекеге қабілетті экономика;

- адам ресурстарын басқару.

 

Егер сіз конференцияның трансляциясын әлі көре алмасаңыз, онда сіздің трансляцияны көруіңізге мүмкіндігіңіз бар! Іс-шараның трансляциясы біздің YouTube каналымызда қол жетімді.