2021 ж. 19 қазанда De Montfort University Kazakhstan басшылығы Қазақстан-Британ Техникалық Университетіне іс-сапармен келді.

 

Кездесуге қатысқандар:

ҚБТУ ректорының (Басқарма төрағасының) м. а. - Габдуллин Маратбек Тулебергенович

ҚБТУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры - Джумасейтова Асель Кенесовна

ҚБТУ-дың интернационалдандыру және стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры - Амирбекова Диана Кайратовна.

ҚБТУ Халықаралық экономика мектебінің деканы - Ислями Айдан Абаевич

ҚБТУ Бизнес мектебінің деканы - Мукашев Ержан Булатович

Dmuk ректоры - профессор доктор Джеймс Паундер

Басқарма мүшесі - Сакина Зафар.

 

Келіссөздер барысында тараптар өздерінің университеттері туралы ақпаратпен бөлісті, ортақ қызығушылық нүктелерін тапты және ынтымақтастықты талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, университет қонақтарына ҚБТУ ғимараты бойынша экскурсия жүргізілді, оқу зертханалары, Тәуелсіздік залы, ХЭМ аудиториясы көрсетілді.