Қымбатты студенттер!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Мен жастарға сенемін" атты студент жастардың 9-шы республикалық патриоттық форумы аясында өткізілетін "Еліміздің инновациялық дамуына менің нақты үлесім" атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалардың жыл сайынғы байқауына қатысуға шақырамыз.

 

Байқаудың мақсаты: "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өңірлер мен елді саяси, мәдени, экологиялық тұрғыдан дамытудың өзекті әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуге бағытталған студент-жас кәсіпкерлердің үздік әлеуметтік – маңызды бизнес-бастамаларын қолдау.

 

Байқауға бакалавриат бағдарламалары бойынша барлық курстардың студенттері қатыса алады. Байқауға қатысу үшін 2021 жылдың 30 қазанына дейін төмендегі форманы толтыру қажет: https://clck.ru/YEM9p) және өз жұмысын 1-ден 3 минутқа дейінгі көлемде бейнеролик түрінде эл. мекен-жайына Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберу керек.

 

Келіп түскен өтінімдерді тәуелсіз қазылар алқасы талдайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жұмыстарды тыңдауы жеке кестеге сәйкес ZOOM платформасы арқылы онлайн-форматта өткізілетін болады. Жеңімпаздарды марапаттау Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында 2021 жылдың қараша айында "Мен жастарға сенемін" гала-форумы кезінде өтеді.

 

Жеңімпаздар жүлделі орындар үшін дипломдармен және бағалы сыйлықтармен (бас жүлде, бірінші орын – 1, екінші орын – 2, үшінші орын – 3) марапатталады, сондай-ақ "Әлеуметтік маңызы бар жоба", "Өнімнің үздік прототипі", "Ерекше жоба" номинациялары бойынша марапатталады. Бас жүлде - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ гранты - 1 жылдық тегін оқуы.