.

 

Halyk Academy - Halyk Bank, ҚБТУ және ХАТУ бірлескен жобасы, ол бейіндік технологиялардың даму перспективаларын ескеретін теңгерімді икемді, оңай жаңартылатын және мобильді оқыту бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

 

Осындай табысты ынтымақтастықтың арқасында Halyk Bank-тің білікті мамандары жоғары оқу орындарының оқу процесіне тиімді тартылуда. Бұл ретте Halyk Academy жобасының бірлескен күш-жігерін шоғырландыру серіктестерге Қазақстанда алғашқы болып университеттердің білім беру бағдарламаларына Go (Golang) озық тілін енгізуді бастауға мүмкіндік берді.

 

            "Біз бұл жобаны өсіп келе жатқан тапшылықты және Go (Golang) тілінде бағдарламалар жаза алатын әзірлеушілерге сұранысты ескере отырып әзірледік және енгіздік. Бұл тіл Google - де жасалған және бүгінде оны бүкіл әлем бағдарламашылары қолданады. Бұл өте жас тіл, бірақ Halyk және Қазақстанның басқа да ірі компаниялары оны өз стэк технологияларына белсенді енгізуде. Біз практик ретінде қазақстандық университеттердің нарықта сұранысқа ие жоғары білікті мамандар ретінде студенттерді даярлау және оқыту үшін қазіргі заманғы бағдарламалау саласында барлық қажетті озық білімдердің арсеналына ие болуына аса мүдделіміз", - Halyk Bank корпоративтік АТ-сәулетшісі Жанар Есенберлина.

 

Golang-әзірлеушілерге деген қажеттіліктің өсіп келе жатқанын және банк пен жалпы қазақстандық нарық үшін Go тілінің өзектілігін түсіне отырып, серіктес университеттермен бірлесіп, осы жазда go-бағдарламалау бойынша толыққанды оқу бағдарламасын әзірледі.

 

Halyk Bank элективті білім беру бағдарламасын әзірлеуге және бекітуге белсенді қатысады, ал банк қызметкерлері практикалық сабақтарды жүргізуге және жекелеген тақырыптар бойынша қонақ дәрістерін оқуға тартылды.