4-8 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда World Energy Week және XIV Еуразиялық KAZENERGY форумы өтеді.

Kazenergy қауымдастығы Дүниежүзілік энергетикалық кеңеспен (WEC) бірлесіп "Energy for better lives / Энергетика адамзат игілігі үшін" тақырыбы бойынша іс-шаралар өткізуде. Биыл World energy week алғаш рет Орталық Азияда – Нұр-Сұлтанда өткізілуде.

Іс – шараның негізгі мақсаты-тұрақты дамуға және энергияны адамзат игілігі үшін пайдалануға жәрдемдесу. Дүниежүзілік энергетикалық апта 2021 / XIV Еуразиялық форумды Kazenergy қауымдастығы ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізеді.

4-8 қазан аралығында апталық бағдарлама жаһандық энергетикалық қоғамдастық үшін ауқымды іс-шаралар мен желілік мүмкіндіктерді, соның ішінде салалық министрліктердің басшылары, трансұлттық корпорациялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, энергетика саласындағы көшбасшылар мен сарапшылардың кең аудиториясы жиналатын жоғары деңгейдегі эксклюзивті отырыстарды ұсынады.

Форум барысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында XIV Еуразиялық KAZENERGY форумы алаңында бірқатар презентациялар мен оқиғалар өтеді:

  • "Қазақстанның мұнайы мен газы – Тәуелсіздіктің 30 жылы: Жасампаздық жолы" кітабының тұсаукесері;
  • деректі фильмнің тұсаукесері (бес фильм сериясы);
  • ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған арнайы конференция.

Сондай – ақ V ұлттық энергетикалық баяндама ұсынылады Қазақстанның отын-энергетикалық секторының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын неғұрлым жан-жақты талдау.

Іс-шараға қатысу үшін kazenergyforum.com сайтында тіркеле аласыз.