2021 жылғы 24 қыркүйекте ҚБТУ басшылығы студенттік активпен кездесу өткізді.
Іс-шарада өткен жылдың қорытындысы шығарылды. Студенттік өмірді реформалау бойынша жұмыс нәтижелері айтылды. Атап айтқанда, Сенат мүшелері студенттерге академиялық тұрғыдан жан-жақты көмек көрсетеді. Сенаторлар еңбегі үшін алғыс ретінде естелік белгілермен марапатталды.
Одан әрі студенттік Үкіметті жаңарту процесі өтті. Оның құрылымы реформаланып, құрамы кеңейтілді – министрліктер құрылды. Студенттік Қор ұйымдастырылды-оның қаражаты білім алушылардың бастамаларын іске асыруға жұмсалады.
Кездесуде студенттік ұйымдардың президенттері сөз сөйледі. Талқылау барысында студенттік белсенділікті жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.