.

 

2021 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы (KazFUCA) мәдениет, қоғам және гуманитарлық даму саласындағы ортақ мүдделер негізінде екі тарап арасындағы кооперацияға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

Бірқатар келіссөздерден кейін ҚБТУ мен KazFUCA жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері үшін ортақ форумдар, кәсіби шолулар мен конкурстар ұйымдастыру, құнды және өзекті ақпарат алмасу және тағы басқалар туралы келісті. ҚБТУ KazFUCA-мен ынтымақтастыққа қуанышты және осы ынтымақтастықтан жемісті нәтижелер күтеді.