.

 

Түркия делегациясының ҚБТУ-да өткен кездесуі

 

2021 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) Түркиядан келген қонақтармен, оның ішінде Түркия Республикасы Бас консулдығының білім беру жөніндегі атташесі Махмут Агирманмен, Сивас Республикалық университетінің (Sivas Cumhuriyet Üniversitesi) ректоры, профессор доктор Алим Йылдыз және Сивас ғылым және технологиялар университетінің (Sivas Bilim ve Teknoloji Üniversitesi) ректоры, профессор, доктор Мехмет Кулмен динамикалық және нәтижелі кездесу өткізді. Кездесу барысында академиялық ұтқырлық, оқу және технологиялық ақпарат пен ресурстармен алмасу, білім беру бағдарламаларын бірлесіп дамыту және т. б. салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыланды.