Дәстүрлі педагогикалық кеңес: нәтижелер мен жоспарлар

25 тамызда Қазақстан-Британ техникалық университетінің үшінші дәстүрлі Кеңейтілген Педагогикалық кеңесі өтті. Биылғы жылы педагогикалық кеңес аралас форматта ұйымдастырылды.

Кездесудің алғашқы сөзі Қазақстан-Британ техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы Габдуллин Маратбек Төлебергенұлына берілді. Ол университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен ұжымын өткен оқу жылындағы жұмыс нәтижелерімен таныстырды, жаңа оқу жылына міндеттер қойды, жоспарларымен бөлісті және жақын болашаққа стратегиялық басымдықтарды белгіледі. Сондай-ақ, жоғары білікті мамандарды даярлауды жетілдіру халықаралық білім беру үрдістеріне сай сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ететін білім беру жүйесін жаңғыртусыз мүмкін емес екенін атап өтті.

Бұдан әрі университет басшылығы жаңа оқу жылына дайындықтың жалпы жоспарын ұсынып, негізгі дайындық іс-шараларын түсіндірді.

Педагогикалық кеңестің баяндамашылары мен қатысушылары ҚБТУ-дың қазіргі заман талабына сай даму перспективаларына, күзгі семестрдегі оқу процесінің форматы мен студенттер контингентіне, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуге және қос диплом бағдарламасын әзірлеуге, сондай-ақ интернализация және үздіксіз білім беру мәселелеріне баса назар аударды.
Кездесу барысында серіктес компаниялармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, зерттеу қызметі мен инфрақұрылымды дамыту бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар енгізілді, білім беру жүйесіндегі цифрландыру үрдістері қаралды.

Сонымен қатар, педагогикалық кеңес аясында ҚБТУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері университеттің игілігі үшін атқарған белсенді жұмысы және жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.