Қазақстан Теңіз Академиясы кадеттерінің практикасы Түркияда өтеді
2021 жылғы 22 маусымда Қазақстан-Британ техникалық университеті атынан ректор
М.Т. Габдуллин мен Piri Reis University атынан О. Эрдоган Меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, тараптар ҚБТУ Қазақстан теңіз академиясының кадеттерінің Piri Reis University базасында теңіз практикасынан өту туралы шартқа қол қойды.
Қазақстан-Британ техникалық университеті техникалық білім берудің, оның ішінде Қазақстандағы теңіз білімінің көшбасшысы болып табылады.
ҚТА STC Group-пен кооперацияда құрылды, РТҚТ және Оман Сұлтандығының КжКМ аккредиттеуінен өтті. Теңіз саласы үшін жүзден астам маман шығарылды. ҚТА оқытушылар құрамы АҚШ, Ресей, Нидерланды, Оман сияқты елдерінде білімін шыңдады.
ҚБТУ - дың алдында жаңа міндет – халықаралық ынтымақтастықты кеңейту тұр. Түркия – халықаралық деңгейде мойындалған теңіз білім беру орталығы, әлемдік деңгейде тәжірибесі мол. Түркияның теңіз университеттерінің рейтингі бойынша Piri Reis University теңіз білімінде сөзсіз көшбасшы болып табылады.
Piri Reis University басшылығымен алдын ала жүргізілген келіссөздерден кейін ҚБТУ делегациясы Ыстамбұл қаласына іскерлік сапармен барды. ҚБТУ делегациясын ҚБТУ ректорының м.а. М.Т. Габдуллин басқарды, сондай-ақ делегация құрамына ҚТА деканы А.Ш. Дүйсенбиев және деканның орынбасары Р.Г. Бикташев енді.
2021 жылғы 20-22 маусым аралығында делегацияларға ПРУ кампусы, университеттің оқу-жаттығу базасы, сондай-ақ "Пири Реис Университет" оқу кемесі ұсынылды, ынтымақтастықтың ықтимал салаларын талқылау нәтижесінде өзара түсіністік туралы Меморандум, сондай-ақ "PRU" оқу кемесінің бортында ҚТА кадеттерінің теңіз практикасынан өтуі туралы шарт жасалды.
12 тамызда 47 кадет ҚТА нұсқаушыларымен бірге теңіз тәжірибесінен өту үшін Ыстамбұлға ұшады. Олардың тәжірибесі Мармара, Қара және Эгей теңіздерінің суларында өтеді, ҚТА кадеттері Босфор мен Чанак Кале арқылы өтеді. Бұл оқу мен тәжірибеге толы ұмытылмас күндер болады.
Біз барлық кадеттерге сәттілік тілейміз!