Алматыда Астана күні құрметіне ҚБТУ ғимаратында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың, мемлекет қайраткерлері Амангелді Шабдарбаевтың, Ғани Қасымовтың, ҚХА мүшесі Бронислав Шин мен Ахметжан Шардиновтың, Мәжілістің экс-депутаттары Зағипа Балиева мен Нұрлан Сүлейменовтың, ҚР  Жазушылар Одағы басқармасының  төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижановтың, профессор Георгий Канның, Еңбек Ері, Халық артисі Роза Рымбаеваның, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Тілектес Есполовтың, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің  төрағасы Рахман Алшановтың және басқаларының қатысуымен « Еліміздің астанасы - ұлы дала жүрегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуын көрген және астананы көшіру туралы шешімді қолдап, дауыс берген тұлғалар қатысты. Онлайн форматта өткен осы диалогқа қатысқан алматылық жастар өкілдері еліміздің және ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының тарихы және алматылық қоғамдастықтың оның дамуына қосқан үлесі туралы терең мағлұмат алды.

 

Шара барысында, ҚБТУ ректоры м.а. М. Ғабдуллин «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р. Алшанов, ҚР Президенті Архивінің экс-директоры Б. Жапаров сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел соңында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында біздің мемлекетіміз бен астанамыздың қалай құрылғаны және салынғаны туралы айтылатынын атап өтті, жастарды осы кітапты оқуға шақырды.