25 маусымда Қазақстан-Британ техникалық университеті Консультативтік кеңесінің кезекті 7-отырысы өтті. Кездесу аралас форматта өтті, бұл еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушыларды бір мақсатқа біріктіруге – жоғары білімді жетілдіру және ғылымды насихаттау бойынша тәжірибе мен пікір алмасуға мүмкіндік берді.

 

 

Ректордың міндетін атқарушы Габдуллин М.Т. Консультативтік кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен жиында құттықтау сөз сөйледі, сонымен қатар ҚБТУ-дың бұрынғы ректоры К.Н. Ибрашевтің KAZENERGY қауымдастығының бас директоры қызметіне ауысуы туралы хабарлады. Қ.Н.Ибрашевтің университеттің, елдің мұнай-газ саласының дамуына қосқан орасан зор үлесі атап өтілді. Eni-де қазіргі КК төрағасы Николо Агоджеридің қызметі жоғарылауына байланысты оның орнына Кенжебек Ниязұлы ұсынылып, кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Кенжебек Ниязұлы артылған сенім үшін ризашылығын білдіріп, өндіріс пен университет арасындағы байланысты нығайту үшін ҚБТУ басшылығымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Кездесуде 2020-2021 оқу жылының қорытындылары және ҚБТУ-дың жаңа оқу жылына жоспарлары жария етілді. Оқу ісі жөніндегі проректор Жұмасейтова А.К. ҚБТУ қызметінің негізгі бағыттарын және онлайн оқыту шеңберінде қол жеткізілген жетістіктерді атап өтті.

 

 

QS компаниясының аймақтық директоры Христолюбов С.В. QS World University Rankings сауалнамаларының нәтижелері бойынша жұмыс беруші ұйымдар мен академиялық топтар арасында ҚБТУ-дің лайықты беделін атап өтті.

АТФ ИК төрағасы С. Әбдіғалиев және ИК төрағасының міндетін атқарушы Ж. Абиров сөз сөйледі.

Түлектер қауымдастығының президенті М.Дүйсембаев KBTU ALUMNI қызметі туралы айтып берді.

Қосымша білім беру және бизнесті дамыту жөніндегі Басқарушы директор Ж.М. Таренова табысты іске асырылған бірлескен жобалар туралы айтып берді.

Ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары А.С. Бисембаев IT-саласындағы жобалар туралы баяндады.

Кездесуді қорытындылай келе, Маратбек Төлебергенұлы ҚБТУ серіктестеріне алғыс хаттар табыстады.

КК төрағасы Ибрашев Қ.Н. Кеңесінің мүшелеріне қатысқандары үшін алғыс айтты және келесі отырыстың күнін 2021 жылдың 24 қыркүйегіне бекітті.

Консультативтік кеңестің отырысынан кейін қонақтар Уақыт капсуласын орнатуға және 2021 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсіміне қатысты.