2021 жылғы 4 шілдеде Қазақстан-Британ Техникалық Университеті мен "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесуге АО «ҚБТУ» Ректор м. а. (Басқарма төрағасы) – М. Т. Габдуллин, Қосымша білім беру және бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор – Ж. М. Таренова, бизнесті дамыту қызметінің басшысы – А. М. Ибраев, "ҚМГ Инжиниринг" бас директоры (Басқарма төрағасы) - Б. К. Хасанов, Бас директордың кеңесшісі - Ж. А. Күлекеев, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Атырау филиалының директоры - Р. Н. Өтеев, Бас директордың көмекшісі – Н. Базарбай қатысты.

Кездесу тақырыбы бойынша баяндамалар ұсынылды, тараптар арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды, ҚБТУ-ға ұсынылған Материалтану және коррозия проблемалары ғылыми-білім беру орталығы, Honeywell және Halyk Academy зертханалары бойынша тур өткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан-Британ Техникалық Университеті мен "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС арасында ынтымақтастықтың түрлі аспектілері бойынша уағдаластық жасалды.

Шешілді:

1. ҚБТУ мамандарын ABAI ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуге қосу;

2. ҚБТУ мамандарын жаңа шешімдерді әзірлеуге және өндірісте жасанды интеллектті қолдануға қосу;

3. IT мамандарының тапшылығына байланысты "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС-не одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен 3-4 курс IT мамандықтарының студенттерін практикаға тарту;

4. IT және аралас бағыттар бойынша бірлескен магистрлік бағдарламаларды іске қосу;

5. Магистрлік бағдарламалар шеңберінде супервайзинг бойынша бағдарламаны қалпына келтіру және дайындау;

6. Қосымша білім беру департаменті шеңберінде ҚМГ Орталық аппаратының қызметкерлерін бірқатар құзыреттерге оқыту мүмкіндігін қарастыру.

7. Баламалы энергетика, көмірсутектерден таза отын алу, оларды пайдалану кезінде шығарындыларды азайту, өндірісте күкіртті газдарды ұстау, кәдеге жарату және сақтау мәселелерін шешу шеңберінде ынтымақтасу;

8. Тұрақты негізде ақпаратпен алмасу және ҚБТУ мен еншілес ұйымдарды ҒЗТКЖ жобаларымен жұмыс істеуге қосу.