. .

 

Академиялық сұрақтар жөніндегі проректор Жұмасейтова Әсел Кеңесқызы бастаған Қазақстан-Британ техникалық университетінің делегациясы Ташкент қаласындағы Турин Политехникалық Университетінде (ТТПУ) болды.

Кездесу барысында делегация университеттердің білім беру бағдарламаларымен, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның жетістіктерімен, материалдық-техникалық базасымен танысты.

Сапардың негізгі бөлігі өзара ынтымақтастық шарттарын талқылаумен өтті. ҚБТУ, ТТПУ және Инха университеттерi арасында келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді:

  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттермен алмасу мүмкіндіктері;
  • халықаралық жүйелер бойынша тәжірибе алмасу;
  • бірлескен зерттеу жобаларын орындау және мақалалар жариялау;
  • халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу;
  • IT мамандықтары бойынша бірлескен қос диплом бағдарламасын әзірлеу

Ташкенттегі Турин политехникалық университеті (TTPU) 2009 жылы Өзбекстан Республикасының жоғары және орта арнайы білім министрлігі, "Узавтосаноат" АҚ және Еуропаның жетекші техникалық университеттерінің бірі болып табылатын және білім беру процесін ғылыми және қолданбалы зерттеулермен белсенді үйлестірумен ерекшеленетін Politecnico di Torino Турин политехникалық университеті арасындағы келісім бойынша ұйымдастырылды. ТТПУ автомобиль, машина жасау және электр техникалық өнеркәсібі, энергетика, өнеркәсіп және азаматтық құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдары үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Ташкенттегі Инха университеті (IUT) 2014 жылы құрылды. Университет Корея Республикасындағы Инха Университетімен ынтымақтастықта құрылған. Қазіргі уақытта IUT-те 1500-ден астам студент үш бағыт бойынша білім алуда: компьютерлік инжиниринг, бағдарламалық инжиниринг және логистика.