Құрметті университет студенттері мен білім алушылары!
Сіздерге 2021 жылғы 23 сәуір менің университеттегі соңғы жұмыс күнім екенін хабарлағым келеді. Мен жұмыс орнымды ауыстыруыма байланысты «ҚБТУ» АҚ ректоры, Басқарма Төрағасы қызметінен кетемін. Тағайындалған жаңа лауазымым KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры болып табылады.
Соңғы жылдары ҚБТУ жоғары нәтижелерге қол жеткізді: білім алушылар контингенті, оның ішінде шетелдік студенттер саны едәуір артты, біз жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыттық, білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа перспективаларға толы бағдарламалар ашылды.
Бүгінде ҚБТУ мұнай-газ, IT, консалтингтік және банктік секторлардың жетекші компанияларының, бірқатар шетелдік университеттердің серіктесі болып табылады. Сондай-ақ, көптеген инновациялық жобалар қолға алынып, студенттердің бастамалары жүзеге асырылды.
Мұның барлығы біздің ғалымдардың, профессор-оқытушылар құрамының, университет қызметкерлерінің, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың үйлесімді жұмысының арқасында іске асты.
Алдағы уақытта да ҚБТУ-да жаңа жетістіктер мен серпінді жобалар болады. Мен біздің студенттер әрдайым үздік атанып, «ҚБТУ студенті» деген абыройлы атты мақтанышпен алып жүреді және өз жетістіктерімен отандық қана емес, әлемдік қоғамдастықты да таңдандыра береді деп сенемін.
Құрметті студенттер, сіздерден университеттің қалыптасқан дәстүрлерін сақтап, корпоративтік мәдениетті ұстануды және арманыңызға қарай нық қадам басуды сұраймын!
Осы қиын кезеңде барлығыңызға тілерім – мықты денсаулық. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!
Құрметпен,
Сіздің Ректор,
К.Н. Ибрашев