12 сәуірде Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының салтанатты жалпы жиналысы өтті.

Жиын барысында Қазақстанның тау-кен ғылымын дамыту перспективалары талқыланды, Академияның жаңа мүше-корреспонденттері, академиялық кеңесшілері таңдалды, сондай-ақ ғалымдар ТКҒҰМ наградаларымен марапатталды.

ТКҒҰМПрезидиумының 2021 жылғы 19 наурыздағы шешімімен "ҚБТУ" АҚ Басқарма Төрағасы, Ректор Ибрашев Кенжебек Ниязұлы Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының толық академигі болып сайланды.

Биыл Тау-кен Ғылымдарының Ұлттық Академиясына 5 жыл толуда! ҚБТУ ұжымы Қазақстанның Тау-кен Ғылымдарының Ұлттық Академиясын шын жүректен құттықтап, одан әрі өркендеуін тілейді!