Үстіміздегі жылдың 6 ақпанында ҚБТУ ректорының KBTU ALUMNI Түлектер қауымдастығының кеңесімен алғашқы бетпе-бет кездесуі өтті.
Кездесу аясында зертханалар мен павильондар (Huawei, Emerson, Halyk Bank, Honeywell және т.б.) бойынша ауқымды тур, деканаттарға жолығу және Түлектер қауымдастығы кабинетінің ашылуы ұйымдастырылды.
Нұр-сұлтан, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан келген түлектерден басқа, Норвегия, Ресей, Сингапур сияқты елдерден онлайн форматта қатысушылар болды. ҚБТУ ректоры Ибрашев Кенжебек Ниязұлы университеттің соңғы жылдардағы жетістіктері, ортамерзімді кезеңге арналған жоспарлары, сондай-ақ қауымдастық құруды қолдау және тығыз ынтымақтастық орнатудың маңызы туралы ойымен бөлісті.
«Біздің түлектер үшін университет есігі әрдайым ашық. Қауымдастық кеңесін құру ҚБТУ - дың, оның студенттері мен түлектерінің ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін өзара іс-қимылына жаңа серпін береді», - деп атап өтті Кенжебек Ниязұлы құттықтау сөзінде.
Түлектер тарапынан Ассоциация Президенті Дюсембаев Медет бағыт жетекшілерімен бірге қауымдастық комитеттерінің мақсаттары мен жұмыс жоспарлары, сондай-ақ, іске асырылған жобалар туралы ақпарат берді.
- «тәлімгерлік» бағдарламасын іске қосу;
- университеттің талантты студенттері үшін әлеуметтік бағдарламаны іске қосу;
- түлектер мен студенттер үшін бірыңғай платформа құру;
- ҚБТУ экожүйесінің стартапын дамыту;
- facebook әлеуметтік желісінде ресми парақша ашу;
- ҚБТУ қыздар көшбасшылығы мектебінің ашылуы;
- халықаралық ынтымақтастық және т.б.
«Біздің әрқайсымыз бүгін ҚБТУ қабырғасында жүріп, өз альма-матерімізбен үздіксіз байланысты тағы да сезіндік. Бізде қазірдің өзінде әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейтін 6000 - нан астам түлектер, білікті мамандар бар және біз қауымдастық жұмысына университет тағдырына бей-жай қарамайтын одан да көп белсенді жастарды тарта алатынымызға сенімдімін», - деп түйіндеді сөзін Медет.
ҚБТУ басшылығы қауымдастық жұмысының жоспарын қолдап, оны бірлесіп жүзеге асыруда кез келген қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін білдірді.
«Қауымдастық кеңесіне белсенді және креативті түлектердің мықты командасы жинақталды, олармен біз комитеттерге бөлініп, нақты жобаларды жүзеге асырып бастадық және ALUMNI қауымдастықтарының үздік халықаралық тәжірибелерін өз жұмысымызда қолданатын боламыз», - деп атап өтті университет тарапынан түлектер қауымдастығы жобасының үйлестірушісі, Ұйымдастыру және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Екатерина Смолякова.
Бірнеше түлектер білім алушыларға арнап Түлектердің стипендиялық бағдарламасын құруға және қаржыландыруды бастауға ниет білдірді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан түлектердің бір бөлігі Endowment Fund-қа қомақты сомаға алғашқы жарнаны енгізуге дайын екенін мәлімдеді.