Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 27 000 теңгеден 17 ай сайынғы студенттік шәкіртақы ұсынуға конкурс жариялайды.

Бағдарламаға қатысушылар: қазақстандық университеттерде бакалавриаттың 2-3 курстарында немесе магистратураның 1 курсында және интернатураның 1 курсында жаратылыстану, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер, 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 17

Ш. Есенов атындағы стипендия конкурсына қатысу үшін кандидаттар міндетті:

1. Қор сайтында онлайн-өтінімді толтыру – yessenovfoundation.org

2. Өтінімге қоса беру:

Міндетті құжаттар:

1. Жеке куәліктің көшірмесі;

2. «Мен Қазақстан ғылымы үшін не істедім және не істеймін? Сіз үшін не маңызды және неге?" тақырыбына үндеу жазу (тек жазбаша түрде);

3. Студенттің транскрипті (GPA орташа балы 3,0-ден төмен емес), GPA 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды;

4. Магистратура студенттері (бакалавр, маман) үшін жоғары білім туралы дипломның көшірмесі.

Қосымша құжаттар:

5. Ғылыми сертификаттар / дипломдар – 2 сертификаттан артық емес*;

6. Әлеуметтік белсенділік және волонтерлік сертификаттары – 3 сертификаттан артық емес*;

7. Жарияланымдар – 2 жарияланымнан артық емес*;

* Қор сертификаттардың лимиттелген санын қарайды. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы жағынан көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Өтінімдер Қордың сайтында 2021 жылғы 25 қаңтардан 26 ақпанға дейін қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 26 ақпанда Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) 15:00-де аяқталады. Қабылдау мерзімінен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.