Қазақстан-Британ Техникалық Университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Хенли Бизнес мектебімен, Рэдинг университетімен бірлесіп Creative Spark (British Council) бағдарламасы шеңберінде креативті индустриядағы үздік стартап идеяларға арналған конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс Британдық Кеңес қаржыландыратын Қазақстанда Creative Enterprise Hub құру жөніндегі жобаны іске асырудың бір бөлігі болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты өңірде креативті индустрия мен стартап-мәдениетті қолдаудың тұрақты экожүйесін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы алғашқы Creative Enterprise Hub дамыту болып табылады.

Байқау келесі бағыттар аясында ашылды:

- Жарнама және маркетинг
- Сәулет
- Сәндік-қолданбалы өнер және қолөнер
- Дизайн
- Кино
- Ақпарат және телекоммуникация, бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік қызметтер
- Баспа ісі
- Кино
- Музейлер, галереялар және кітапханалар:
- Музыка, орындаушылық және бейнелеу өнері.

Егер сіздің жоғарыда көрсетілген бағыттар аясында стартап болуы мүмкін бизнес-идеяңыз бар болса, біз сіздің өтінімдеріңізді күтеміз! Өтінімді жазу тілі – орыс/қазақ және ағылшын (міндетті түрде).

Өтінімдерді ұсыну мерзімі – 2021 жылғы 21 ақпанға дейін (Нұр-сұлтан қаласының уақытымен 23:59 дейін). Осы мерзімнен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Word форматындағы өтінімдер электрондық пошта арқылы келесі мекен-жайға жіберілуі керек: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. және / немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Өтінім нысаны мен толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/1Yw3kpVCgC_9Hm04M3jluK6oZHwLZsI88?usp=sharing