Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығының құрылғанына үшінші жыл толуына орай ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру, кәсіби дағдыларды дамыту және мансаптық өсу, кітаптарды басып шығару және шетелден дарынды қазақстандық жастарды тарту тетіктері саласындағы тренингтер мен интерактивті сессиялар сериясы өтті.

Пленарлық сессия аясында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі және қауымдастық тәлімгері Ерлан Ыдырысов жас ғалымдардың бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, адами капиталды дамыту Қазақстан басшылығының басты басымдығы болып табылатынын атап өтті.

Іс-шараның спикерлері Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры Кенжебек Ибрашев, Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Эрик Лори, Seedstars Kazakhstan Бас директоры Серік Шәкәрім, "Астана" халықаралық қаржы орталығының үздіксіз кәсіби даму бюросы Бас директорының м.а. Эльмира Обри қауымдастықпен өзара іс-қимыл жөніндегі өз ұсыныстарын айтып, Қазақстанның ғылыми әлеуеті мен инновациялық экожүйесін тарту және дамыту бойынша өз мүмкіндіктері туралы айтып берді.

ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев еліміздің экономикасына үлес қосуға мүмкіндік беру мақсатында шетелде білім алған жас мамандарға Қазақстанның өзінде білімін немесе жұмысын жалғастыруға қолайлы жағдай жасау - университеттердің міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осы орайда қазіргі таңда Қазақстан-Британ техникалық университеті барлық қажетті инфрақұрылымға ие және Ұлыбританияның жоғары оқу орындары түлектеріне зерттеу жүргізу үшін жұмыс орындары мен зертханаларды ұсынуға дайын. ҚБТУ мен Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Барлық түлектерді жобалар мен бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырамыз.

Қауымдастық президенті және Ливерпуль университетінің "органикалық химия" мамандығы бойынша докторанты Әлия Сембаева Канада мен Австралиядан келген қазақстандық ғалымдарды қоса отырып, осы құрылымның жүйелі географиялық кеңеюі туралы хабарлады. Канададағы қауымдастықтың амбассадоры Мадина Жүнісова тәжірибелі канадалық әріптестерімен бірлесе отырып, Қазақстандағы жас ғалымдарды қолдау үшін қазақстандық-канадалық менторлық платформаны құру туралы ұсыныс айтты.

Ассоциация мерейтойына арналған тренингтер сериясы 10-12 қараша аралығында өтті және келесі тақырыптарды қамтыды:

- кәсіпкерлік ойлауды дамыту және ғылымды коммерцияландыру;

-Орталық Азиядағы мансаптық өсу мен ғылыми-зерттеу ынтымақтастығының мүмкіндіктері;

- кітап баспасы;

- нарықтық мүмкіндіктер.

Спикерлер мен жаттықтырушылар қатарына Seedstars Kazakhstan Бас директоры С. Шакарим, QazInnovations Бас директоры Ілияс Оспанов, Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі кәсіпқойлар Альянсының президенті Әбділдә Шәменов, Henley Centre for Entrepreneurship атқарушы директоры Юрек Сикорски, «Жаңа мамандықтар атласы» жобасының жетекшісі Олег Мецик, Қазақстан HR Қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің төрайымы Гүлмира Раисова, ҚБТУ, Орталық Азия Университеті және Satbayev University өкілдері, британдық және қазақстандық редакторлар мен мемлекеттік саясат саласы кітаптарының авторлары және т. б.

Ұлыбританиядағы қазақстандық докторанттар қауымдастығы 2017 жылғы қарашада құрылды. Оның негізгі мақсаты – ғылым саласында білім мен тәжірибе алмасу, сондай-ақ өндірістік мәселелерді шешуде және ғылыми қызмет нәтижелерін тәжірибеге енгізуде бизнеспен ынтымақтастықты дамыту. Қауымдастық – техникалық және инженерлік пәндер, медицина, биотехнология, бизнес-ғылымдар, сондай-ақ гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар бойынша ғылыми жобаларға қатысатын 100-ден астам зерттеуші-Қазақстан азаматтары кіретін шетелдегі қазақстандық ғалымдардың ірі бірлестігі.