Қазақстан-Британ техникалық университетінің HackNGo командасы Red Bull Basement 2020 жаһандық бағдарламасының 38 финалистерінің бірі атанды.

Red Bull Basement дегеніміз не?

Бұл студенттік өмірді жақсарту үшін инновациялық идеяларды жүзеге асырғысы келетін жаңашыл студенттерге арналған жаһандық жоба.

2020 жылы бүкіл әлемде жобаға қатысуға 3800-ден астам студенттік команда өтініш берді. Қатысушылар өз идеяларының мәнін сипаттайтын қысқа бейнені ұсынуы керек еді. Одан әрі ашық дауыс беру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинаған өтінімдердің 25 пайызы іріктелді. Осыдан кейін жергілікті қазылар алқасы ең жақсы үш жобаны таңдауға кірісті, содан кейін жаһандық қазылар алқасы ұлттық жеңімпазды анықтады.

Қазақстандық жеңімпаз-команда HackNGo туралы

Команда 3 адамнан тұрады – Темірлан Жанбеков, Аргын Ауталипов және Асан Бекқалиева. Олардың барлығы – ҚБТУ Ақпараттық технологиялар факультетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенттері.

HackNGo командасының стартаптарды әзірлеуде тәжірибесі бар, бұл олардың үшінші жобасы. "Алдыңғы стартаппен біз екі инкубация мен бір акселерациялық бағдарламадан өттік", – деп атап өтті Темірлан Жанбеков.

HackNGo жобасы туралы

«Біздің идеямыз өте қарапайым – жаңа дағдылар мен жұмыс іздеп жүрген студенттерге және жас мамандар іздеп жүрген компанияларға көмектесу», – деді Темірлан. – Мұндай қосымшаның идеясы әрдайым ойымызда болатын. Біз салыстырмалы түрде кішкентай қалада тұратындықтан, тәжірибе алу үшін әртүрлі конкурстар мен жобаларға қатыса алмадық. Сондықтан әрқашан бұл мәселені шешкіміз келді. Екінші жағынан, біз Алматыға келіп, компания өкілдерінен жаңа білікті қызметкерлерді табу қиын екенін жиі естідік. HackNGo-да студенттер командаларға жинақталып, компаниялардың әр түрлі кейстерін шешеді, түйіндемені толтырады. Студенттерге де, компанияларға да бұл тиімді.".

"Red Bull Basement-тен біз тек оң нәтиже күтеміз. Біз Қазақстанды жаһандық воркшопта таныстыруға қуаныштымыз. 2018 жылғы жеңімпаздармен онлайн-кездесуден кейін біз Red Bull Basement жобасы – бұл біздің идеямыз туралы халықаралық деңгейде айтып қана қоймай, бүкіл әлем бойынша студенттердің өмірін жақсартуға мүмкіндік алу екендігін түсіндік, – деп бөлісті Темірлан. – Біз жобадан үлкен үміт күтеміз және жеңіске ұмтыламыз!»

Алда бізді не күтіп тұр?

2 қарашадан 9 желтоқсанға дейін финалист-командаларда идеяларды пысықтау кезеңі мен акселерациялық кезең белгіленген. Балалардың иелігінде жұмыс кеңістігі, ресурстарға қол жеткізу және тәлімгерліктің жаһандық бағдарламасы болады. Жобаға 36 елден келген жаңашыл студенттерден басқа, Red Bull basement - HONOR және NTT жаһандық серіктестерінен wildcard бар екі команда да қатысады.

Red Bull Basement жобасының шарықтау шегі 10-13 желтоқсанға белгіленген-осы кезеңде hackNGo-дан келген қазақстандықтар Red Bull Basement жаһандық воркшопында басқа финалист командалар қатарына қосылады.

HackNGo командасына сәттілік тілейміз! Өйткені, әлемдегі үлкен өзгерістер студенттік идеялардан басталатыны бәріне мәлім!