Қазақстан-Британ техникалық университетінің ұжымы мен әкімшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Еділ Ерғожаұлы Ерғожиннің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Ерғожин Еділ Ерғожаұлы ұзақ жылдар бойы Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтын басқарды. Ол отандық ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосқан көрнекті ғалым, дарынды педагог, ион алмасу және мембраналық технология саласында әлемге әйгілі қазақстандық ғылыми мектептің негізін қалаушы, Қазақстандағы ғылым мен жоғары білімнің белгілі ұйымдастырушысы болды.

Ерғожин Еділ Ерғожаұлы химия ғылымдарының докторлары мен кандидаттарын дайындауға үлкен үлес қосты, қазіргі уақытқа дейін Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ғылыми Кеңесінің мүшесі болды.

Еділ Ерғожаұлы әрқайсымыз үшін өз мамандығына адал әрі талантты жетекшінің үлгісі болып қала береді. Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.