Төтенше жағдай кезінде ҚБТУ Магистранттар мен студенттер үйі (жатақхана) жұмыс бабымен қалада қалуға мәжбүр болған Алматы облысы медқызметкерлерінің үйіне айналды.

Бұл - 19 дәрігер, 24 медбике/санитарлар, 42 фельдшер/акушерлер және 35 жүргізушіден тұратын медициналық ұйымдардың жалпы саны 120 қызметкері. Олардың басым бөлігі бес медициналық жедел жәрдем қосалқы станцияларында, екі емхана және №4 перзентханада қызмет жасады. Олар өздерінің жақындарымен 1-1,5 ай көріскен жоқ.

Ал жуырда біз Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметінің №3 қосалқы станциясы атынан алғыс хат иелендік.