IWCF – ұңғыны басқару саласындағы біліктілікті растайтын халықаралық сертификат.

Интенсивті курс ұңғыларды бақылау, апатсыз бұрғылау, игеру және күрделі жөндеу бойынша кәсіби білімді қалыптастыруға және жүйелеуге бағытталған.

Кімге арналған бағдарлама

-    Ұңғы жұмыстарының жобалауына және бақылауына қатысатын мамандар
-    Бұрғылау және күрделі жөндеу инженерлері
-    Супервайзерлер, ПВО мамандары
-    Операторлар, шеберлер және техникалық басшылар
-    Бұрғылау алаңында жұмыс істейтін персонал

Оқыту форматы:

-    Күндізгі оқу, DrillSim тренажерларында тәжірибе
-    Ұзақтығы және сертификаттау деңгейлері: IWCF Level II – 5 күн (40 академиялық сағат), IWCF Level III/IV – 7 күн (56 академиялық сағат)
-    Оқыту тілі: қазақша / орысша / ағылшынша
-    Емтихан тапсыру тілі: орысша / ағылшынша
-    Оқу орны: КБТУ жанындағы IWCF орталығы (2012 жылы аккредиттелген)

Оқу құны:

-    Деңгейі мен қатысу форматына байланысты
-    Төлемнің икемді жүйесі қарастырылған

Оқу мазмұны:
 
Теориялық бөлім:

-    Ұңғыны басқару қағидалары мен рәсімдері
-    Қысым астында жұмыс істеу қауіпсіздігі
-    Ұңғыны бақылау жабдықтары (BOP, манифольд, дроссель желілері)
-    Жоспарлау, мониторинг, есептеулер және құжаттама

Тәжірибелік бөлім:

-    DrillSim-5000 және DrillSim-20 тренажерларында жаттығулар
-    Қысым астындағы операцияларды орындау
-    Ұңғыны цементтеу және глушение
-    Асқынулар мен лақтырулар кезінде әрекеттерді басқару
-    Бақылауды қалпына келтіру және ұңғыны жұмыс тәртібіне шығару
-    Жабдықты сынау, төтенше сценарийлер 

Артықшылықтар мен бірегейлігі:

-    Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы аккредиттелген IWCF орталығы
-    2012 жылдан бері 5000-нан астам инженер сәтті сертификатталған
-    DrillSim жабдығын қолдана отырып оқыту — мұнай-газ процестерін модельдеудің ең үздік жүйелерінің бірі
-    Нақты өндіру жағдайларын толық симуляциялау
-    Бағдарлама компания профиліне бейімделеді
-    Сертификаттың халықаралық танылуы: IWCF Level II – 5 жыл, IWCF Level III/IV – 2 жыл