Mini MBA КБТУ – бұл Executive MBA бағдарламасынан алынған 6 негізгі модульден тұратын қарқынды бизнес-курс. Әр модуль аяқталған соң қатысушы КБТУ-дың жеке сертификатын алады – нәтижесінде кәсіби даму мен құзыреттерді растайтын 6 құжат жинақталады.

Кімге арналған:
-    Бөлім басшылары мен басқарушылар
-     Болашақ басшы рөліндегі мамандар
-    Бизнес-процестерге тартылған кәсіби қызметкерлер
-    EMBA КБТУ бағдарламасына түсуді жоспарлағандар

Оқу форматы:
-    Онлайн, модульдік, кешкі формат
-    6 оқу модулі
-    Ұзақтығы: 6 ай
-    Оқу тілі: қазақша / орысша
-    Оқу нәтижесі: KBTU Mini MBA бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификат, академиялық транскриптпен бірге

Оқыту ақысы:
-    990 000 теңге
-    Бөліп төлеу немесе корпоративтік төлем мүмкіндігі қарастырылған


Бағдарлама мазмұны:
-    Басшыларға арналған қаржы
-    Операциялық менеджмент
-    Agile жобаларды басқару
-    Адам капиталын басқару
-    Стратегиялық маркетинг және PR
-    Жобалық тәуекелдерді басқару

Бағдарламаның артықшылықтары:
– Практикаға бағыт: нақты бизнес міндеттерге арналған қолданбалы дағдылар
– Икемді формат: оқу жұмыспен қатар жүргізіледі
– Бизнес-нетворкинг: әртүрлі салалардан келген қатысушылармен тәжірибе алмасу
– Mini MBA-ның 6 модулі KBTU Executive MBA бағдарламасына қабылдау кезінде есепке алынады

 

{spoiler=Кеңес алу }

 

 

{/spoilers}