Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) — бұл тұрақты экономикалық даму, әлеуметтік әділдік және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мәселелерін шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер қабылдаған 17 мақсаттар жиынтығы. Университеттер білім беру, зерттеулер мен инновациялар арқылы ТДМ-ды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Қазақ-Британ техникалық университеті - БҰҰ-ның Жаһандық шартының қатысушысы және БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» (United Nations Academic Impact) бастамасының мүшесі болып табылады, Бұл университеттің халықаралық тұрақты даму бағдарламасы аясында белсенділігін көрсетеді. Бизнес пен ұйымдар үшін ESG тәжірибелері, тұрақты қаржыландыру, инновациялық технологиялар, халықаралық серіктестік және жауапты корпоративтік басқару сияқты тәсілдер ТДМ-ға қол жеткізу құралдары болып табылады.

Бағдарламалар сонымен қатар ұйымдарға тиімді басқару жүйелерін құруға және өз қызметінің ашықтығы мен тұрақтылығын арттыруға көмектесетін халықаралық ISO стандарттарын қолдану мәселелерін қарастырады.

Курстардың атаулары:
1.    ISO/IEC 27001:2022 Ақпараттық қауіпсіздік менеджмент жүйелері — Қолдану нұсқаулығы бар талаптар
2.    ISO 9001:2015 Сапа менеджмент жүйелері — Қолдану нұсқаулығы бар талаптар
3.    ISO 14001:2015 Экологиялық менеджмент жүйелері — Қолдану нұсқаулығы бар талаптар
4.    ISO 45001:2018 Еңбек және қауіпсіздік менеджмент жүйелері — Қолдану нұсқаулығы бар талаптар
5.    ISO 37001:2016 Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйелері — Қолдану нұсқаулығы бар талаптар
6.    ISO/IEC 42001:2023 Жасанды интеллект басқару жүйесі — Жасау, енгізу, қолдау және үздіксіз жетілдіру бойынша талаптар мен ұсыныстар
7.    ISO 50001:2018 Энергетикалық менеджмент жүйелері — Қолдану нұсқаулығы бар талаптар

Курстар кімге арналған:
 ISO курстары ұйымдарды жүйелі басқаруға, халықаралық стандарттарды енгізуге, сапа, қауіпсіздік, экологиялық және энергетикалық тиімділікті арттыруға, сондай-ақ корпоративтік басқару және бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауапты мамандар мен жетекшілерге арналған. Бағдарламалар халықаралық талаптар мен үздік тәжірибелерге сәйкес менеджмент жүйелерін практикалық енгізу мен қолдауға бағытталған.

Мақсатты аудитория:
•    Ұйым басшылары мен топ-менеджерлер, стратегиялық даму және халықаралық стандарттарға сәйкестікке жауапты
•    Сапа, қауіпсіздік және тұрақтылық менеджерлері
•    Ақпараттық қауіпсіздік және IT басқару мамандары
•    Экология, инженерлер және қоршаған орта мамандары
•    Еңбек және өндірістік қауіпсіздік мамандары
•    Комплаенс офицерлері және парақорлыққа қарсы мамандар
•    Тәуекелдер мен ішкі бақылау мамандары
•    Жауапты ЖИ енгізуге жауапты IT және AI менеджерлері
•    Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері
•    Жеке сектор, халықаралық компаниялар өкілдері
•    ISO менеджмент жүйелері бойынша консультанттар мен аудиттер

Практикалық ақпарат:
•    Курстар ұзақтығы: 5 күннен 2 айға дейін
•    Өткізу орны: Алматы (КБТУ)
•    Қатысушылар саны: 10
•    Сабақ кестесі: икемді, 8 сағаттан бастап
•    Бағасы: 70,000 теңгеден бастап
•    Тілі: қазақша, орысша, ағылшынша

{spoiler=Кеңес алу }

 

 

{/spoilers}