Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) — бұл тұрақты экономикалық даму, әлеуметтік әділдік және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мәселелерін шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер қабылдаған 17 мақсаттар жиынтығы. Университеттер білім беру, зерттеулер мен инновациялар арқылы ТДМ-ды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Қазақ-Британ техникалық университеті - БҰҰ-ның Жаһандық шартының қатысушысы және БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» (United Nations Academic Impact) бастамасының мүшесі болып табылады, Бұл университеттің халықаралық тұрақты даму бағдарламасы аясында белсенділігін көрсетеді. Бизнес пен ұйымдар үшін ESG тәжірибелері, тұрақты қаржыландыру, инновациялық технологиялар, халықаралық серіктестік және жауапты корпоративтік басқару сияқты тәсілдер ТДМ-ға қол жеткізу құралдары болып табылады.

Осы саладағы білім беру бағдарламалары тұрақты басқару, қаржылық және экологиялық тұрақтылық, тәуекелдерді басқару, цифрлық трансформация, сондай-ақ ұйымдар мен жобаларға тұрақты шешімдерді енгізу бойынша құзіреттілікті дамытуға бағытталған.

Курстардың атаулары:
•    Жасанды интеллектке кіріспе
•    Жасанды интеллектке арналған ISO стандарттары
•    Блокчейн
•    Цифрлық трансформация және өзгерістерді басқару
•    Машиналық оқытуға кіріспе
•    ISO 27001 ақпараттық қауіпсіздік стандарты
•    Өзгерістерді басқару (Американдық өзгерістерді басқару ассоциациясы сертификаты, қатысушы бағасы: 700,000 теңге)
•    Жетілдірілген ЖИ
•    Деректер ғылымы

Курстар кімге арналған:
 Бұл курстар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және өзгерістерді басқаруды енгізуге, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, ISO халықаралық стандарттарын және тұрақты дамуды ескеруге қызығатын мамандар мен жетекшілерге арналған. Бағдарлама ұйымдардың цифрлық жетілуін дамытуға, бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға және технологиялық әрі басқарушылық тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

Мақсатты аудитория:
•    Цифрлық стратегия және инновациялық дамуға жауапты компания басшылары мен топ-менеджерлер
•    IT жетекшілері, CIO, CTO, цифрлық трансформация мамандары
•    Цифрлық және ЖИ жобаларын жүзеге асыратын жобалық және өнім менеджерлері
•    Жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректер ғылымы мамандары
•    Аналитиктер, деректер ғалымдары, деректер инженерлері
•    Ақпараттық қауіпсіздік және IT комплаенс мамандары
•    Өзгерістерді басқару және ұйымдық даму мамандары
•    Цифрландыруға қатысатын мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері
•    Бизнес, стартап және технологиялық компания өкілдері
•    Жасанды интеллект, деректер ғылымы және цифрлық технологиялар саласында мансапқа дайындалатын магистранттар мен жас мамандар

Практикалық ақпарат:
•    Курстар ұзақтығы: 5 күннен 2 айға дейін
•    Өткізу орны: Алматы (КБТУ)
•    Форматы: онлайн және офлайн
•    Қатысушылар саны: 10
•    Сабақ кестесі: икемді, 8 сағаттан бастап
•    Бағасы: 70,000 теңгеден бастап
•    Тілі: қазақша, орысша, ағылшынша

{spoiler=Кеңес алу }

 

 

{/spoilers}