Технологияларға, тілдерге және креативке қызығатын оқушыларға арналған бағдарламалар. Шабыттандыратын білім.

{spoiler=«Бағдарламалаудың негіздері» курсы (онлайн/офлайн)}

Бағдарламалауды енді бастағандар үшін арналған курс. C++ тілін және негізгі бағдарламалау қағидаларын меңгеруге көмектеседі. Деректер құрылымдары, алгоритмдік ойлау дағдылары қалыптасады және кодпен жұмыс істеу сенімділігі артады.

Кімдерге арналған:

-    Мектеп оқушыларына
-    Техникалық бағытқа дайындалып жүргендерге
-    Бағдарламалауды үйренгісі келетіндерге

Форматы:

-    Аптасына 3 рет, әрқайсысы 2 сағат
-    1 ай (12 сабақ)
-    Онлайн немесе офлайн түрде

Курс мазмұны:

-    Айнымалылар және деректер типтері, енгізу/шығару
-    Арифметикалық және логикалық амалдар
-    Шартты операторлар мен циклдар
-    Бірөлшемді және екіөлшемді массивтер
-    Объектіге бағытталған бағдарламалауға кіріспе
-    Алгоритмдік ойлау негіздері

Нәтиже:

-    C++ тілін сенімді қолдану
-    Бағдарламалау құрылымдарын түсіну
-    Олимпиадалар мен тереңдетілген курстарға дайындық

Бағасы: 65 000 теңге
Байланыс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған., +7 702 274 79 59, +7 (727) 357 42 42 (ішкі 554, 556, 181)

 

{/spoilers}

{spoiler=UniCamp: IoT & 3D (Алматы)}

10 күндік жазғы мектеп, онда қатысушылар IoT құрылғыларын және 3D модельдерді жасап үйренеді. AlmaValley зертханаларында өткізілетін тәжірибелік сабақтар инженерлік дағдыларды қалыптастырады.

Кімдерге арналған:

-    Мектеп оқушыларына
-    Инженерия, 3D және автоматтандыруға қызығушыларға

Форматы:

-    10 күндік курс
-    Екі бағыт: IoT және 3D
-    10 адамнан тұратын 2 топ
-    AlmaValley зертханаларында тәжірибе

Бағдарлама мазмұны:
-    Fusion 360 арқылы 3D модельдеу, жинақтау, визуализация және басып шығару
-    ESP32, сенсорлар, веб-интерфейстер көмегімен «ақылды үй» жобаларын жасау

Нәтиже:

-    15-тен астам шағын жоба
-    Командалық жұмыс пен инженерлік тәжірибе
-    Дайын өнім (IoT немесе 3D жоба)

Байланыс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған., +7 (727) 357 42 42 (ішкі 180 / 181 / 556)

 

{/spoilers}

{spoiler=Қызметкерлердің балаларына арналған жазғы мектеп (KBTU Corporate Summer Camp)}

Компания қызметкерлерінің балаларына арналған жазғы бағдарлама. Бағдарламалау, IoT және 3D бағыттарында білім береді. Бағдарламаны компания сұранысына қарай бейімдеуге болады.

Кімдерге арналған:

-    Әлеуметтік жауапты компаниялар мен ұйымдарға
-    10–16 жас аралығындағы оқушыларға

Форматы:

-    Компания талаптарына сай жеке бағдарлама
-    Бағыттар: бағдарламалау, IoT, 3D
-    КБТУ зертханалары, әдіскерлер мен кураторлар

Мүмкіндіктер:

-    Бағдарламаны бейімдеу
-    Квота арқылы қатысу
-    Фото/бейне есептер, қорытынды есеп беру

Нәтиже:
-    Балаларды білім беру ортасына белсенді тарту
-    Инженерлік ойлау қабілетін дамыту

Байланыс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған., +7 (727) 357 42 42 (ішкі 180 / 181 / 556)

 

{/spoilers}

{spoiler=Germany Tech Camp (Германия, Магдебург)}

Магдебург университетімен серіктестікте өткізілетін 14 күндік халықаралық бағдарлама. Робототехника, бағдарламалау, неміс тілі және Германия қалаларына саяхат пен мәдени алмасу қамтылған.

Кімдерге арналған:
    
-    12–17 жас аралығындағы оқушыларға
-    Еуропада тіл мен технологияны қатар үйренгісі келетіндерге

Форматы:

-    Робототехника және бағдарламалау сабақтары
-    Неміс тілі курсы
-    Медиа жобалар: бейнеролик, сторителлинг
-    Jugendherberge жатақханасында тұру
-    Берлин, Магдебург, Вернигероде қалаларына экскурсиялар

Қауіпсіздік:

-    КБТУ кураторларының жетекшілігі
-    Германия жағынан жауапты мамандар
-    Сақтандыру және тәулік бойы қолдау

Сертификаттар:
-    CEFR деңгейіндегі неміс тілі сертификаты
-    Қатысушы сертификаты
-    Жоба бойынша есеп

Байланыс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған., +7 (727) 357 42 42 (ішкі 180 / 181 / 556)

{/spoilers}

{spoiler=ҚБТУ кәсіптік бағдар беру бағдарламасы}

Мамандық пен болашақ мансапқа жасалатын саналы қадамға көмектесеміз

Бағдарламаның сипаттамасы:
Мектеп оқушылары мен талапкерлерге арналған бағдарлама. Қатысушылар өздерінің мықты жақтарын, қызығушылықтарын және даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік алады.
Бағдарлама аясында психолог, мансаптық кеңесші және ҚБТУ оқытушылары қатысады.

Ұзақтығы: 3 күн
Қатысу құны: 70 000 теңге
Жеке ұсыныстар мен қатысушы сертификаты беріледі

Кімдерге арналған:
– 9–11-сынып оқушыларына
– ЖОО мен мамандық таңдау алдында тұрған талапкерлерге
– Баласына саналы түрде мамандық таңдауға көмектескісі келетін ата-аналарға

Бағдарлама мазмұны:
– Кәсіптік бағдар психологымен жұмыс
– Кәсіптік бейімділікті анықтайтын психодиагностикалық тест
– HR-сарапшының болашақ мамандықтар туралы дәрісі
– Soft және hard skills талдауы
– Еңбек нарығы және мамандық таңдаудың негізгі өлшемдері
– ҚБТУ факультеттеріне экскурсия (IT, инженерия, бизнес және т.б.)
– Ата-аналарға арналған психологпен жеке сессия
– Жекеленген ұсыныстар мен қатысушы сертификаты

Бағдарлама не береді:
– Өз мүдделері мен қабілеттерін түсіну
– Жеке қасиеттерге сәйкес келетін мамандықтар туралы нақты түсінік
– Университет факультеттерін ішінен көру мүмкіндігі
– «Қайда және не үшін оқуға түсу керек?» деген сұраққа жауап
– Мансаптық бағытты таңдауға арналған пайдалы кеңестер
– Ата-аналарға: қысымсыз қолдау көрсету жолдары


Байланыс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған., +7 (727) 357 42 42 (ішкі 180 / 181 / 556)

{/spoilers}

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

1.    Қатысу бағасына не кіреді?

Барлық бағдарламалар мыналарды қамтиды:
– Білім беру модульдері мен практикалық сабақтар
– Зертханалар мен жабдықтарды пайдалану
– Кураторлардың тұрақты сүйемелдеуі
– Курс соңында сертификаттар

Germany Tech Camp бағдарламасына қосымша мыналар да кіреді:

– Тұрақтау және тамақтану
– Экскурсиялық бағдарлама
– Медициналық сақтандыру
– Әуежайдан трансфер және кері қайту


2.    Germany Tech Camp-ке қатысу үшін қандай құжаттар қажет?

– Шетелдік төлқұжат
– Визаға өтініш формасы (дайындауға көмектесеміз)
– Медициналық анықтама
– Еріп жүрушіге сенімхат
– Медициналық сақтандыру (бағаға кіреді)


3.    Қатысушылардың күн тәртібі қандай болады?

KBTU және UniCamp бағдарламалары:
– Таңертең және түстен кейін – оқу модульдері
– Арасында – үзіліс, түскі ас және жоба жұмысы

Germany Tech Camp:
– Таңертең – сабақтар (тіл және техника)
– Түстен кейін – экскурсиялар, медиажобалар және бос уақыт
«Бағдарламалаудың негіздері» курсы:
– Онлайн форматта, аптасына 3 рет, кешкі уақытта (2 сағаттан)

4.    Бағдарламаларда балалармен кім жұмыс істейді?

– КБТУ оқытушылары мен салалық мамандар
– Педагогикалық кураторлар мен менторлар
– Germany Tech Camp барысында – неміс тьюторлар мен ұйымдастырушылар

5.    Төлемді бөліп төлеуге немесе компания есебінен төлеуге бола ма?

Иә, болады:
– Жеке тұлғалар үшін – бірнеше кезеңмен төлеу мүмкіндігі бар
– Компаниялар үшін – ресми шотпен және есептіліктің ыңғайлы формаларымен


6.    Қатысу үшін өз техникамды алып келуім керек пе?

Жоқ. Барлық жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және материалдар ұйымдастырушылар тарапынан беріледі. Қатысушы тек қалам, дәптер және ынтамен келуі жеткілікті.

 

{spoiler=Кеңес алу }

 

 

{/spoilers}