{spoiler=MBA «Қаржылық тәуекелдерді басқару және Data Science» }
Қаржылық тәуекелдерді басқару және үлкен деректерді талдау саласында мансап құруды көздейтіндер үшін
Бағдарлама іргелі аналитиканы, эконометрикалық модельдерді және машиналық оқыту алгоритмдерін пайдалана отырып, қаржылық тәуекелдерді модельдеуге және болжауға қабілетті мамандарды даярлайды. Global Association of Risk Professionals (GARP) аккредитациясы бағдарламаның жаһандық кәсіби білім беру стандарттарына сәйкестігін растайды.
Мақсатты аудитория:
- Экономика, қаржы, математика және IT салаларындағы бакалавриат немесе магистратура түлектері
Мансаптық бағыттар:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА), екінші деңгейлі банктер, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, аудиторлық және консалтингтік фирмалар
Қабылдау талаптары:
- Жоғары білім туралы диплом
- Түйіндеме / CV
- Қабылдау емтихандарын сәтті тапсыру:
- жоғары математика (өту балы: 100 баллдан кемінде 60)
- ағылшын тілі (ауызша және жазбаша бөлімдер)
- Бірінші қабылдау легі: 17.08.2026 – жоғары математика бойынша қабылдау емтиханы; 20.08.2026 – ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханы
- Грант тағайындау: ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттарына үміткерлер үшін қабылдау емтихандары мен сұхбат нәтижелері бойынша
Ағылшын тілін кемінде IELTS 5.5 / CEFR B2 деңгейінде меңгергенін растайтын қолданыстағы халықаралық сертификаттары бар тұлғалар, сондай-ақ бакалавриатта және/немесе магистратурада ағылшын тілінде оқыған тұлғалар ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханынан босатылады және растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханынан ең жоғары балл алады.
Оқу форматы:
- Оқыту форматы: күндізгі (офлайн)
- Ұзақтығы: 2 жыл
- Оқу тілі: екітілді (орыс және ағылшын)
- Оқу мерзімі: 2026 ж. қазан – 2028 ж. мамыр
- Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 шілде – 13 тамыз
Жалпы оқу ақысы:
- 5 920 000 теңге (оқудың толық мерзімін қамтиды)
- Төлем тәсілі: кезең-кезеңімен, корпоративтік төлем мүмкіндігі бар
Гранттар
- ҚР ҰБ – екі MBA ББ бойынша жалпы 7 грант: «Қаржылық тәуекелдерді басқару және Data Science» және «Қаржылық технологиялар»
- ҚНРДА – 4 грант: MBA «Қаржылық тәуекелдерді басқару және Data Science» ББ бойынша 2 грант және MBA «Қаржылық технологиялар» ББ бойынша 2 грант
- ҚБТУ – оқу құнының 50%-ына дейінгі гранттар
- ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттары бойынша оқу құны 100% жабылады
- ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттары бойынша ай сайынғы шәкіртақы: 117 098 теңге
- ҚР ҰБ және ҚНРДА грант иегерлері үшін оқу аяқталғаннан кейін 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесі қарастырылған
- Халықаралық сертификаттау емтихандарына шәкіртақы: FRM (GARP), SCR (GARP)
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар тек КБТУ гранттары бойынша және оқу құнын толық төлеу шарттарымен, өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен оқуға қабылданады.
Оқу мазмұны
Data Science модулі:
- Статистика (жоғары деңгей)
- Эконометрика
- Алгоритмдер мен деректер құрылымдары
- Уақыттық қатарларды болжау
- Предиктивті аналитика
- Python тілінде бағдарламалау
- Машиналық оқыту (Machine Learning)
Қаржылық тәуекелдерді басқару модулі:
- Қаржы нарықтары және қаржы құралдары
- Қаржылық тәуекелдерді басқару және тәуекелдерді бағалау модельдері
- Портфельдік басқару
- Несие тәуекелдерін басқару
- Операциялық тәуекелдерді басқару
- Қаржы институттарының өтімділік тәуекелдерін басқару
- Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы сценарийлік талдау және стресс-тестілеу технологиялары
- Жобалық басқару әдістемесі
Тәуекелдерді басқарудың экономикалық ортасы модулі:
- Корпоративтік қаржы
- Қаржы нарықтарының макроэкономикасы
- Қаржылық есеп және талдау
Міндетті компоненттер:
- Стратегиялық менеджмент
- Бизнес-зерттеу
- Эксперименттік-зерттеу жұмысы
- Өндірістік тәжірибе
- Қорытынды аттестация (магистрлік жобаны қорғау)
Бағдарламаның жалпы көлемі: 148 академиялық кредит
Бағдарламаның артықшылықтары мен бірегейлігі
- Екі мамандықты қатар меңгеру мүмкіндігі: тәуекелдерді басқару маманы және деректерді талдаушы (data science)
- Нетворкинг және кең мансаптық мүмкіндіктер
- ҚР ҰБ, ҚНРДА, қаржы ұйымдары және консалтинг саласының практик-оқытушылары
- Қолданбалы контент және жетекші сарапшылардан оқыту
- ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттары бойынша оқу құны 100% жабылады, ай сайынғы шәкіртақы төленеді және оқу аяқталғаннан кейін жұмыспен қамту қарастырылған
- Тәуекел-менеджерлерге арналған жаһандық сертификаттау – FRM Level 1 Exam тапсыруға арналған стипендия
- Тұрақтылық және климаттық тәуекелдер бойынша жаһандық сертификаттау – SCR Exam тапсыруға арналған стипендия
{/spoilers}
{spoiler=MBA «Қаржылық технологиялар» }
Қаржы, технология және кәсіпкерлік тоғысындағы бағдарлама
Бағдарлама қаржыдағы цифрлық трансформацияны басқаратын, FinTech-өнімдер мен аналитикалық сервистерді әзірлейтін лидерлерді даярлайды. Бағдарламаның бірегей фокусы – қолданбалы FinTech және кәсіпкерлік стратегия.
Мақсатты аудитория:
- Экономика, қаржы, математика және IT салаларындағы бакалавриат немесе магистратура түлектері
Мансаптық бағыттар:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА), финтех-компаниялар, екінші деңгейлі банктер, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, аудиторлық және консалтингтік фирмалар, кредиттік бюролар
Қабылдау талаптары:
- Жоғары білім туралы диплом
- Түйіндеме / CV
- Қабылдау емтихандарын сәтті тапсыру:
- жоғары математика (өту балы: 100 баллдан кемінде 60)
- ағылшын тілі (ауызша және жазбаша бөлімдер)
- Бірінші қабылдау легі: 17.08.2026 – жоғары математика бойынша қабылдау емтиханы; 20.08.2026 – ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханы
- Грант тағайындау: ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттарына үміткерлер үшін қабылдау емтихандары мен сұхбат нәтижелері бойынша
Ағылшын тілін кемінде IELTS 5.5 / CEFR B2 деңгейінде меңгергенін растайтын қолданыстағы халықаралық сертификаттары бар тұлғалар, сондай-ақ бакалавриатта және/немесе магистратурада ағылшын тілінде оқыған тұлғалар ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханынан босатылады және растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханынан ең жоғары балл алады.
Оқу форматы:
- Оқыту форматы: күндізгі (офлайн)
- Ұзақтығы: 2 жыл
- Оқу тілі: екітілді (орыс және ағылшын)
- Оқу мерзімі: 2026 ж. қазан – 2028 ж. мамыр
- Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 шілде – 13 тамыз
Жалпы оқу ақысы:
- 5 840 000 теңге (оқудың толық мерзімін қамтиды)
- Төлем тәсілі: кезең-кезеңімен (транштар бойынша), корпоративтік төлем мүмкіндігі бар
Гранттар
- ҚР ҰБ – екі MBA ББ бойынша жалпы 7 грант: «Қаржылық тәуекелдерді басқару және Data Science» және «Қаржылық технологиялар»
- ҚНРДА – 4 грант: MBA «Қаржылық тәуекелдерді басқару және Data Science» ББ бойынша 2 грант және MBA «Қаржылық технологиялар» ББ бойынша 2 грант
- MBA «Қаржылық технологиялар» ББ үшін ҚНРДА тарапынан 2 грант қарастырылған
- ҚБТУ – оқу құнының 50%-ына дейінгі гранттар
- ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттары бойынша оқу құны 100% жабылады
- ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттары бойынша ай сайынғы шәкіртақы: 117 098 теңге
- ҚР ҰБ және ҚНРДА грант иегерлері үшін оқу аяқталғаннан кейін 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесі қарастырылған
- Гранттар конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар тек КБТУ гранттары бойынша және оқу құнын толық төлеу шарттарымен, өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен оқуға қабылданады.
Оқу мазмұны
Data Science модулі:
- Статистика (жоғары деңгей)
- Эконометрика
- Алгоритмдер мен деректер құрылымдары
- Уақыттық қатарларды болжау
- Предиктивті аналитика
- Python тілінде бағдарламалау
- Дерекқорларды басқару
- Оңтайландыру және алгоритмдер
- Машиналық оқыту (Machine Learning)
FinTech-инжиниринг модулі:
- Қаржы нарықтары және қаржы құралдары
- Дизайн-ойлау және FinTech-өнім әзірлеу
- Қаржылық тәуекелдерді басқару және тәуекелдерді бағалау модельдері
- Портфельдік басқару
- Тәуекелдерді модельдеу және антифрод-технологиялар
- FinTech-тегі киберқауіпсіздік
- Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы сценарийлік талдау және стресс-тестілеу технологиялары
- Блокчейн технологиялары
- Жобалық басқару әдістемесі
- Қолданбалы FinTech және кәсіпкерлік стратегия
- Қаржы секторындағы цифрлық трансформация
- Аналитикалық сервистерді әзірлеу
Міндетті компоненттер:
- Стратегиялық менеджмент
- Бизнес-зерттеу
- Эксперименттік-зерттеу жұмысы
- Өндірістік тәжірибе
- Қорытынды аттестация (магистрлік жобаны қорғау)
Бағдарламаның жалпы көлемі: 146 академиялық кредит
Бағдарламаның артықшылықтары мен бірегейлігі
- Екі мамандықты қатар меңгеру мүмкіндігі: FinTech Product Manager және деректер талдаушысы
- Нетворкинг және кең мансаптық мүмкіндіктер
- ҚР ҰБ, ҚНРДА, tech-компаниялар, қаржы ұйымдары және консалтинг саласының практик-оқытушылары
- Қолданбалы контент және жетекші сарапшылардан оқыту
- ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттары бойынша оқу құны 100% жабылады, ай сайынғы шәкіртақы төленеді және оқу аяқталғаннан кейін жұмыспен қамту қарастырылған
- Өнімдік фокус: FinTech-өнімдер мен аналитикалық сервистерді әзірлеу
- Негізгі FinTech бағыттарын меңгеру: блокчейн, антифрод, киберқауіпсіздік, инвестициялар және тәуекел аналитикасы
{/spoilers}
Қабылдау процесі
{spoiler=Қабылдау кезеңдері}
1. Құжаттарды тапсыру: ҚБТУ сайты арқылы онлайн немесе ҚБТУ Қабылдау комиссиясына келіп, мына мекенжай бойынша тапсыру: Алматы қ., Төле би көшесі, 59.
2. Қабылдау емтихандарын офлайн-форматта тапсыру:
17.08.2026 – жоғары математика бойынша қабылдау емтиханы, ең төменгі өту балы: 100 балдың 60-ы;
20.08.2026 – ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханы, жазбаша және ауызша бөліктер.
Ағылшын тілі бойынша қабылдау емтиханынан ағылшын тілін IELTS 5.5 / CEFR B2 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын қолданыстағы халықаралық сертификаты бар кандидаттар, сондай-ақ бакалавриатта және/немесе магистратурада ағылшын тілінде оқыған кандидаттар растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда босатылады.
3. ҚР ҰБ және ҚНРДА өкілдерімен сұхбат – ҚР ҰБ және ҚНРДА гранттарына үміткерлер үшін.
4. Қабылдау емтихандары мен сұхбат нәтижелері бойынша конкурстық іріктеу және гранттарды бөлу.
5. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну: онлайн құжат тапсырған және конкурстық іріктеуден өткен кандидаттар үшін.
6. Оқуға қабылдау және оқу шартын жасасу.
7. Оқудың басталуы – 2026 жылғы қазан.
Құжаттар тізімі
Міндетті құжаттар
• ректордың атына өтініш;
• жоғары білім туралы дипломның түпнұсқасы қосымшасымен;
• жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
• 3×4 өлшемдегі 2 фотосурет;
• 075/у медициналық анықтамасы;
• флюорография суреті;
• түйіндеме / CV.
Қосымша құжаттар болған жағдайда
• ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі және көшірмелері;
• еңбек өтілін растайтын құжат;
• шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификаттар;
• халықаралық кәсіби сертификаттар;
• халықаралық, республикалық немесе қалалық деңгейдегі конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысқаны және жетістіктері туралы сертификаттар/дипломдар.
{/spoilers}