{spoiler=DBA «Іскери әкімшілендіру докторы» }
Бизнес ғылымы мен тәжірибесінде із қалдырғысы келетіндер үшін
DBA ҚБТУ - іскерлік білім берудің ең жоғарғы деңгейі, менеджмент саласындағы жоғары және орта буын басшылары мен сарапшыларға арналған. Бағдарлама шынайы басқарушылық міндеттерді ғылыми тереңдікпен шешуге ұмтылатындар үшін жасалған.
Негізгі фокус – қолданбалы зерттеулер мен инновациялық шешімдерді нақты бизнеске енгізуге жасалады.
Кімге арналған бағдарлама
Бизнес иелері, компания басшылары, бағыт директорлары, жұмыс тәжірибесі бар бизнес-кеңесшілер
Негізгі талаптар:
- Магистр дипломы
- Басқарушылық немесе сараптамалық тәжірибенің расталуы
- Сұхбат және зерттеу қызығушылығын таныстыру
Оқу форматы:
- Бірінші жылы теориялық дайындық
- Сабақ кестесі: кешкі және демалыс күндері
- Ұзақтығы: 3 жыл
- Оқыту тілі: орыс немесе ағылшын
Оқу ақысы:
- 4 950 000 теңге
- Төлем: транштармен (3–6 транш), корпоративтік төлем мүмкіндігі бар
Оқу мазмұны:
Корпоративтік топтар үшін мазмұнды компанияның салалық міндеттері мен мақсаттарына бейімдеу мүмкіндігі бар
Міндетті пәндер:
– Ғылыми зерттеу әдіснамасы және әдістері
Кәсіби құзыреттер бойынша элективті пәндер (таңдау бойынша 2 пән):
– Бизнестегі талдаудың сандық әдістері
– Компания тәуекелдерін стратегиялық басқару
– Компания қаржысын басқару
– Стратегиялық талдау және жоспарлау
– Бизнестегі жасанды интеллект
– Жобалық менеджмент
– Корпоративтік басқару
Көшбасшылық құзыреттер бойынша элективті пәндер (таңдау бойынша 2 пән):
– Бизнеске арналған дизайн-ойлау
– Бренд-менеджмент
– Бизнес-коммуникациялар
– Көшбасшылықтың заманауи тұжырымдамалары
– Компаниядағы инновацияларды басқару
– Адам капиталын басқару
Аудиториядан тыс белсенділіктер:
– Зерттеу жұмысы: докторлық диссертацияны кезең-кезеңмен әзірлеу және жүзеге
асыру
– Зерттеу практикасы (қосымша ақы негізінде шетелдік тағылымдама)
– Мақалалар жариялау
– Докторлық диссертацияны қорғау
Бағдарлама жалпы көлемі: 180 академиялық кредит
Артықшылықтары мен бірегейлігі
– Кәсіби қауымдастықпен идеялар краудсорсингі
– Тәжірибеге бағытталған зерттеу блогы
– Компания міндеттерін зерттеу жобасына біріктіру мүмкіндігі
{/spoilers}
Қабылдау процесі
{spoiler=Қабылдау кезеңдері}
1. Құжаттарды тапсыру: ҚБТУ сайты арқылы онлайн немесе ҚБТУ Қабылдау комиссиясына келіп, мына мекенжай бойынша тапсыру: Алматы қ., Төле би көшесі, 59.
2. Білім беру бағдарламасының өкілдерімен жеке сұхбат.
3. Оқуға қабылдау және оқу шартын жасасу.
4. Білім беру бағдарламасының академиялық күнтізбесіне сәйкес оқудың басталуы.
Құжаттар тізімі
Міндетті құжаттар
- ректордың атына өтініш;
- жоғары білім туралы дипломның түпнұсқасы қосымшасымен;
- жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
- 3×4 өлшемдегі 2 фотосурет;
- 075/у медициналық анықтамасы;
- флюорография суреті;
- түйіндеме / CV.
Қосымша құжаттар болған жағдайда
- ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі және көшірмелері;
- еңбек өтілін растайтын құжат;
- шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификаттар;
- халықаралық кәсіби сертификаттар;
- халықаралық, республикалық немесе қалалық деңгейдегі конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысқаны және жетістіктері туралы сертификаттар/дипломдар.
{/spoilers}