{spoiler=MBA «Менеджмент және бизнес экономикасы»}

Компаниялардың болашағын қалыптастыратын көшбасшыларға арналған бағдарлама

MBA «Бизнес менеджменті және экономикасы» - стратегиялық талдау мен бизнестің операциялық тиімділігі салаларындағы құзыреттілікті дамытуға бағытталған басқарушылық бағдарлама. Бұл бағдарлама өз ұйымындағы ықпалын арттырғысы келетіндерге, жеке бизнес ашқысы келетіндерге немесе мансап жолында жаңа деңгейге көтерілгісі келетіндерге арналған.

Кімдерге арналған бағдарлама:

Орта буын басшылары, кәсіпкерлер, өсу әлеуеті бар мамандар

Негізгі талаптар:

-    Бакалавр дипломы
-    Жеке сұхбат

Оқу форматы:

-    Кешкі күндізгі формат (жұмыспен қатар алып жүруге ыңғайлы)
-    Ұзақтығы: 1,5 жыл
-    Оқыту тілі: орыс тілі
-    Кесте: аптасына 3 рет кешкі уақытта + сенбі

Оқу ақысы:

-    3 000 000 теңге
-    Төлем: транштармен, корпоративтік төлем мүмкіндігі бар


Оқу мазмұны

Міндетті пәндер:

-    Бизнес-зерттеу
-    Стратегиялық менеджмент
-    Ұйымдық мінез-құлық

Көшбасшылық құзыреттер бойынша элективтер (3 пән таңдауға):

-    Көшбасшылық және мотивация
-    Іскерлік коммуникациялар
-    Басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау
-    Адами ресурстарды басқару

Кәсіби құзыреттер бойынша элективтер (9 пән таңдауға):

-    Стратегиялық қаржылық менеджмент
-    Портфельдік инвестициялар
-    Бизнес экономикасы
-    Корпоративтік қаржы
-    Тәуекелді басқару
-    Қаржылық есеп және басқарушылық бақылау
-    Өзгерістерді басқару
-    Жобаларды басқару әдістемесі
-    Жобалық талдау
-    Жоба командасын басқару
-    Жоба тәуекелдерін басқару
-    Жоба құнын басқару
-    Маркетингтік зерттеулер және аналитика
-    Маркетингті басқару
-    Маркетингтік коммуникацияларды басқару
-    Бренд-менеджмент
-    Тайм-менеджмент

Аудиториядан тыс белсенділіктер:

-    Зерттеу жұмысы
-    Практика және ғылыми тағылымдама
-    Магистрлік жоба

{/spoilers}

{spoiler=MBA «Бизнес құқығы»}

Ұлттық және халықаралық бизнес-ортада ұйымдастырушылық, қаржылық және құқықтық құралдарды пайдалана отырып, кешенді басқарушылық шешімдер қабылдай алатын басшыларға арналған бағдарлама

MBA «Бизнес құқығы» - бұл бизнесті басқарудың заманауи тәсілдерін корпоративтік қызметтің құқықтық аспектілерін зерделеумен ұштастыратын іскерлік әкімшілендіру магистратурасы бағдарламасы. Бағдарлама заңдық, қаржылық және ұйымдастырушылық факторларды ескере отырып, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдай алатын басшыларды даярлайды.


Мақсатты аудитория:

-    Заңгерлер
-    Орта және жоғары буын басшылары, кәсіпкерлер және бизнес иелері
-    Корпоративтік басқару, комплаенс және тәуекелдерді басқару саласындағы мамандар
-    Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері
-    Жоба менеджерлері
-    Қаржы және банк секторының мамандары

Қабылдау талаптары:

-    Бакалавр дипломы
-    Жеке сұхбат

Оқу форматы:

-    Офлайн / гибридті форматтар
-    Ұзақтығы: 1,5 жыл
-    Оқыту тілі: орыс тілі
-    Кесте: аптасына 4 сабақ, 3 рет кешкі уақытта + сенбі күні

Оқу ақысы:

-    3 000 000 теңге
-    Төлем: кезең-кезеңімен (транштар бойынша), корпоративтік төлем мүмкіндігі бар

Оқу мазмұны

Міндетті пәндер:

-    Бизнес-зерттеу
-    Стратегиялық менеджмент

Кәсіби құзыреттер бойынша элективтер:

-    Бизнестегі жасанды интеллект
-    Бизнестегі зияткерлік меншік негіздері
-    Зияткерлік меншік: есепке алу және құнын бағалау
-    Контрактілік менеджмент және шарттық практика
-    Бизнесті басқарудың азаматтық-құқықтық негіздері
-    Бизнес-ортадағы халықаралық құқық негіздері
-    Еңбек қатынастары және персоналды басқару: құқықтық аспектілер
-    Бизнесті салықтық реттеу
-    Компания қаржысын басқарудың құқықтық құралдары

Басқарушылық және көшбасшылық құзыреттер бойынша элективтер:

-    Бизнес экономикасы
-    Корпоративтік қаржы
-    Операциялық менеджмент
-    Басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау
-    Ұйымдық мінез-құлық
-    Көшбасшылық және мотивация
-    Тиімді коммуникациялар және келіссөздер
-    Команданы басқару
-    Өзгерістерді басқару

Аудиториядан тыс белсенділіктер:

-    Зерттеу жұмысы
-    Бизнес-кейстермен практикалық жұмыс
-    Келіссөздерді симуляциялау
-    Магистрлік жоба

 

Бағдарламаның артықшылықтары мен бірегейлігі

-    Басқару мен құқықтың бірегей үйлесімі
-    Кешенді дайындық: бизнес-шешімдер қабылдауға арналған заңдық, қаржылық және басқарушылық дағдылар
-    Практикалық бағыттылық: нақты кейстер, шарттық жұмыс, корпоративтік басқару және комплаенс
-    Оқуды кәсіби қызметпен қатар алып жүруге мүмкіндік беретін ыңғайлы оқу форматы
-    Көшбасшылық құзыреттерді және командаларды, жобаларды, бизнес-процестерді басқару дағдыларын дамыту
-    Басқару, консалтинг және бизнесті құқықтық сүйемелдеу салаларындағы мансаптық перспективалар
-    Оқу аяқталғаннан кейін КБТУ-дың MBA «Бизнес құқығы» білім беру бағдарламасы бойынша Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесі беріледі

{/spoilers}

Қабылдау процесі

{spoiler=Қабылдау кезеңдері}

1.    Құжаттарды тапсыру: ҚБТУ сайты арқылы онлайн немесе ҚБТУ Қабылдау комиссиясына келіп, мына мекенжай бойынша тапсыру: Алматы қ., Төле би көшесі, 59.
2.    Білім беру бағдарламасының өкілдерімен жеке сұхбат.
3.    Оқуға қабылдау және оқу шартын жасасу.
4.    Білім беру бағдарламасының академиялық күнтізбесіне сәйкес оқудың басталуы.

Құжаттар тізімі

Міндетті құжаттар
-    ректордың атына өтініш;
-    жоғары білім туралы дипломның түпнұсқасы қосымшасымен;
-    жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
-    3×4 өлшемдегі 2 фотосурет;
-    075/у медициналық анықтамасы;
-    флюорография суреті;
-    түйіндеме / CV.

Қосымша құжаттар болған жағдайда
-    ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі және көшірмелері;
-    еңбек өтілін растайтын құжат;
-    шет тілін білетінін растайтын халықаралық сертификаттар;
-    халықаралық кәсіби сертификаттар;
-    халықаралық, республикалық немесе қалалық деңгейдегі конференцияларға, конкурстарға, олимпиадаларға қатысқаны және жетістіктері туралы сертификаттар/дипломдар.

{/spoilers}

{spoiler=Кеңес алу }

 

 

{/spoilers}