ҚБТУ-дың ағылшын тілі курстары

 

КБТУ бакалавриат білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер ағылшын тілін меңгеру деңгейін кемінде B1 (Intermediate) деңгейінде екенін төмендегі тәсілдердің бірі арқылы растауы тиіс:
•    Халықаралық сертификаттардың жарамды нұсқасын ұсыну: 
•    IELTS — кемінде 5.5 балл; 
•    TOEFL iBT — кемінде 46 балл; 
•    Duolingo English Test — Intermediate деңгейі немесе одан жоғары; 
•    Ivy Course платформасында (КБТУ ұсынған платформа) тегін диагностикалық тестілеуден өту; 
•    STEP диагностикалық тестілеуінен өту.

 

Диагностикалық тестілеуден өту нұсқалары

Ivy Course

 

Диагностикалық тестілеу
5 000 теңге / 3 мүмкіндік

 

Ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған прокторингпен онлайн-тест
•    Ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест.
•    A1, A2, B1, B2, C1 және C2 деңгейлері бойынша тестілеуді қамтиды.
•    3 мүмкіндік, әрбір тестілеу толық прокторингпен өткізіледі.
•    IVY диагностикалық тестілеуінің нәтижесі бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейі B1 деңгейінен төмен емес екені расталған жағдайда, берілген сертификат университетке түсу кезінде ағылшын тілі деңгейін растайтын құжат ретінде қабылданады. (Ағылшын тілі деңгейін B1 деңгейіне жеткізуді және оқуға сапалы дайындалуды қалайтын талапкерлерге IVY ағылшын тілі курстарын өту ұсынылады)
•    Диагностикалық тестілеуден мына сілтеме арқылы өтіңіз: ivycourse.kz/kbtu



Ағылшын тілі курстары (A1, A2, B1)

 

Қазақстан-Британ техникалық университетінің талапкерлері мен студенттеріне арналған General English онлайн курстары A1, A2 және B1 деңгейлері бойынша заманауи ESL әдістемесі негізінде әзірленген.
Оқуды кез келген уақытта бастап, өз қарқыныңызбен білім алыңыз: топтың жиналуын күтудің және нақты сабақ кестесіне тәуелді болудың қажеті жоқ. Бір деңгейді аяқтауға орта есеппен 2 ай қажет.
Әр деңгейді бір-біріне тәуелсіз оқуға болады. Мысалы, B1 деңгейін бастау үшін міндетті түрде A2 деңгейін аяқтау талап етілмейді. Сіз өз біліміңізге сәйкес деңгейді таңдайсыз.
Әр курсқа мыналар кіреді:
•    Әр тақырыптан кейінгі практикалық тапсырмалармен бірге бейнесабақтар – материалды кезең-кезеңімен меңгеріңіз;
•    DOS AI жеке жасанды интеллект-тьюторы – материалды түсіндіріп, үлгеріміңізді тәулік бойы (24/7) бақылап отырады;
•    Жасанды интеллектпен Speaking дағдыларын шексіз жаттықтыру – кез келген уақытта еркін сөйлеу тәжірибесін алыңыз.
Құны
•    Жылына 40 000 ₸ (ай сайын емес) – A1, A2 және B1 деңгейлерінің барлығына бірден қолжетімді бірыңғай жазылым.
Қалай бастауға болады
•    Ағылшын тілі деңгейіңізді анықтау үшін онлайн тесттен өтіп, ivycourse.kz/kbtu сайтынан өз деңгейіңізге сәйкес курсты таңдаңыз. 

 



 

 

STEP

 

Диагностикалық тестілеу
8 000 тг / 3 әрекет

Ағылшын тіліңіздің деңгейі Intermediate немесе одан жоғары екеніне сенімді болсаңыз, диагностикалық тестілеуден өтуіңізге болады.

Тестілеу инновациялық жасанды интеллект жүйесі арқылы жүргізіледі: жүйе әртүрлі күрделілік деңгейіндегі сұрақтарды іріктеп, жауаптарыңыздың негізінде ағылшын тілін меңгеру деңгейіңізді анықтайды.

Максималды әрекет саны – 3. Егер үш әрекеттен кейін Intermediate деңгейі расталмаса, ағылшын тілі деңгейін көтеру үшін STEP курсын өту ұсынылады.


Жазылу
Курстардан өту
35 000 тг / 1 ай

Егер ағылшын тілі деңгейіңіз Intermediate деңгейінен төмен болса немесе диагностикалық тестілеу қорытындысы бойынша қажетті деңгейді растай алмасаңыз, STEP курсын өтуіңізге болады.

Негізгі оқу арнайы қосымша арқылы жүргізіледі: қатысушылар деңгейден деңгейге өту үшін балл жинайды. Материалды бекіту және сұрақтарды талқылау үшін аптасына бір рет ұзақтығы 1 сағат болатын онлайн-сабақтар өткізіледі.

Орта есеппен бір деңгейді меңгеруге 2 ай кетеді. Қосымшада қарқынды жұмыс істеген жағдайда деңгейді 1 айда аяқтауға болады.


Жазылу



Оқу басталар алдында қатысушылар ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау және топтарға бөлу үшін тестілеуден өтеді. Курстың соңында CEFR халықаралық шкаласына сәйкес деңгейді аяқтағаны туралы сертификат беру үшін қорытынды тестілеу өткізіледі. Екінші тестілеуге жіберілу үшін кемінде 3 онлайн-сабаққа қатысу қажет.



Курстарды төлеу бойынша бейне нұсқаулықпен танысуды сұраймыз



+7 771 071 7810

 

Алматы қ., Төле би к-сі, 59

{spoiler=Кеңес алу}

 

 

{/spoilers}