ҚБТУ-дың 2026 жылғы жаңа білім беру бағдарламалары 

(Бакалавриат)

Қазақстан-Британ техникалық университеті академиялық ұсыныстарын кеңейтіп, қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге, технологиялық үрдістерге және нақты сектордың сұраныстарына бағытталған жаңа бакалавриат бағдарламаларын іске қосуда.

Бағдарламалардың мақсаты

Халықаралық ортада жұмыс істеуге дайын, заманауи білімге, цифрлық және аналитикалық дағдыларға, практикалық тәжірибеге ие жаңа буын мамандарын даярлау.

Бағдарламалар жетекші университеттермен және салалық серіктестермен бірлесе отырып, жаһандық стандарттар мен ұлттық еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып әзірленді.

 

 

Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі

 

{spoiler=6B06110 Деректер ғылымы және жасанды интеллект}

Таңдау пәндері: математика + информатика 
Грантқа шекті балл: 110 
Ақылы негізде шекті балл: 50
Оқу ұзақтығы: 4 жыл 
Оқыту тілі: ағылшын

Мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты мен міндеттері: деректер ғылымы және жасанды интеллект саласында жоғары білікті мамандарды даярлау; олар интеллектуалды жүйелерді әзірлеуге және машиналық оқыту әдістерін қолдануға, үлкен әрі әртекті деректерді талдауға және түсіндіруге, сондай-ақ этикалық, құқықтық және тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, ғылым, бизнес және өнеркәсіп үшін шешімдерді жобалауға және енгізуге қабілетті болуы тиіс.

{/spoilers}

{spoiler=6B06107 Ойын әзірлеу}

Таңдау пәндері: математика + информатика 

грантқа өту шекті балы – 110
ақылы бөлімге өту шекті балы : 50
Оқу ұзақтығы: 4 жыл 
Оқыту тілі: ағылшын тілі 

Мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты — заманауи технологияларды, командалық жұмысты және сыни ойлауды қолдана отырып, интерактивті ойын өнімдерін талдау, жобалау және іске асыру саласында құзыреттерге ие цифрлық ойындарды әзірлеу бойынша мамандарды даярлау.

{/spoilers}

 

Геология мектебі

 

{spoiler=6B07206 Геоинформатика және геофизика }

Таңдау пәндері: Физика – Математика 
Грантқа шекті балл: 75 
Ақылы негізде шекті балл: 50 
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын 

Мақсаты мен міндеттері:

Бағдарламаның мақсаты — жер қойнауын тиімді зерттеу үшін заманауи геофизикалық әдістерді озық ГАЖ-технологияларымен интеграциялау бойынша терең теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бағдарлама студенттерді кеңістіктік-геологиялық деректерді жинау, цифрлық өңдеу, автоматтандырылған картографиялау және кешенді интерпретациялау әдістеріне оқытуға, сондай-ақ кен орындарын үш өлшемді модельдеуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруге бағытталған міндеттер кешенін шешеді.
ББ іске асыру нәтижесінде түлектерге жер қойнауын пайдалану, экологиялық мониторинг және табиғи ресурстарды ұтымды басқару салаларындағы күрделі қолданбалы міндеттерді өндіруші саланың қазіргі халықаралық стандарттары деңгейінде табысты шешуге мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттер қалыптастырылады.

{/spoilers}

 

Корпоративтік білім беру академиясы КБТУ

 

{spoiler=6B06106 Ақпараттық технологиялар және цифрлық құқық}

Таңдау пәндері: математика + информатика 
ақылы бөлімге өту шекті балы : 75
Оқу ұзақтығы: 4 жыл 
Оқыту тілі: ағылшын тілі + орыс тілі

Мақсаты мен міндеттері:

Бағдарламаның мақсаты — IT, жасанды интеллект, цифрлық құқық және басқару салаларында пәнаралық білімге ие жаңа буынның жоғары білікті мамандарын даярлау. Бағдарламаның міндеттері технологиялық шешімдерді әзірлеу және енгізу, цифрлық өнімдерді құқықтық қорғау, цифрлық жобаларды басқару және цифрлық экономика саласындағы халықаралық бастамаларды сүйемелдеу бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған

{/spoilers}

 

 

 

{spoiler=6B06111 Компьютерлік ғылымдар және есептеу экономикасы}

Таңдау пәндері: Математика – Информатика 
Ақылы негізде шекті балл: 50 
Оқу ұзақтығы: 4 жыл
Оқыту тілі: ағылшын 

Мақсаты мен міндеттері:

Бағдарламаның мақсаты — компьютерлік ғылымдар және есептеу экономикасы саласында заманауи білім мен практикалық дағдыларға ие мамандарды даярлау. Бағдарламаның міндеттері IT-шешімдерді әзірлеу және қолдану, деректерді талдау мен жасанды интеллект әдістерін басқарушылық және экономикалық шешімдерді қолдау үшін пайдалану құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ цифрлық трансформация мен жаһандық нарық талаптарына бейімделу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

{/spoilers}

{spoiler=Кеңес алу}

 

 

{/spoilers}