ҚБТУ-дың 2025 жылғы жаңа білім беру бағдарламалары New KBTU
Қазақстан-Британ техникалық университеті академиялық ұсыныстарын кеңейтіп, қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге, технологиялық үрдістерге және нақты сектордың сұраныстарына бағытталған жаңа бакалавриат бағдарламаларын іске қосуда.
Бағдарламалардың мақсаты
Халықаралық ортада жұмыс істеуге дайын, заманауи білімге, цифрлық және аналитикалық дағдыларға, практикалық тәжірибеге ие жаңа буын мамандарын даярлау.
Бағдарламалар жетекші университеттермен және салалық серіктестермен бірлесе отырып, жаһандық стандарттар мен ұлттық еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып әзірленді.
Бакалавриат Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебі
Мақсаты мен міндеттері:
«Уран ісі» білім беру бағдарламасының мақсаты – уран өндіру саласына арналған, уран кен орындарын барлау, өндіру, өңдеу және кәдеге жарату жұмыстарын қауіпсіз әрі тиімді жүргізе алатын білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама ядролық және экологиялық қауіпсіздік, автоматтандыру, тұрақты даму қағидаттары мен техникалық ағылшын тілін меңгеруге баса назар аударады. Сондай-ақ заманауи салалық талаптарға сай тәжірибеге бағытталған білім беру, халықаралық ынтымақтастыққа қабілетті кадрларды қалыптастыру және Қазақстанның уран өнеркәсібін жаһандық деңгейде таныстыра алатын мамандарды даярлау.
Мақсаты мен міндеттері:
Білім беру бағдарламасының мақсаты – мұнай-газ саласы үшін халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау. Олар кәсіби және әлеуметтік құзыреттерге ие болады, мұнай-газ кен орындарын игерудің, өндірудің және пайдаланудың заманауи технологияларын меңгереді, деректерді талдауға және интерпретациялауға, өндірістік процестерді автоматтандыруға және мәдениетаралық ортада тиімді әрекет етуге қабілетті болады.
China University of Petroleum (East China) https://www.cup.edu.cn/english/ университетімен бірлескен қос дипломды бағдарлама студенттерге әлемнің жетекші университеттерінің бірі – Қытай мұнай университетінің (Шығыс Қытай) бағдарламасы бойынша жоғары сапалы білім алуға бірегей мүмкіндік береді. Бағдарлама Қазақстан Республикасында 2 жыл және Қытайда 2 жыл оқуды көздейді, оқуды аяқтағаннан кейін студенттер ҚБТУ және Қытай мұнай университетінің (Шығыс Қытай) дипломдарын алады.
Бакалавриат Қазақстан теңіз академиясы
Мақсаты мен міндеттері:
Бұл бағдарламаның мақсаты – кеме электроқұрылғыларын жəне автоматика жүйелерін пайдалану саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Оқу барысында электрлік жəне автоматтандырылған жүйелердің диагностикасы, техникалық қызмет көрсету жəне басқару əдістері меңгеріледі, бұл олардың сенімділігіне, қауіпсіздігіне жəне тиімділігіне ықпал етеді.
Бакалавриат Бизнес мектебі
Мақсаты мен міндеттері:
Бағдарламаның мақсаты жасанды интеллект пен бизнес-аналитика құралдарын қолдануға баса назар аудара отырып, бизнес-міндеттерді шешу үшін озық аналитикалық əдістерді қолдануға қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
Мақсаты мен міндеттері:
Бағдарламаның мақсаты – студенттерге бизнес-менеджмент саласында табысты еңбек жолын қалыптастыру үшін қажетті берік теориялық негіз бен практикалық дағдыларды халықаралық озық тəжірибелерге сай қалыптастыру. Бұл бағдарлама əлемнің жетекші университеттерінің бірі Рэдинг университетімен
https://www.reading.ac.uk/ (Ұлыбритания) бірлесе отырып қосдипломды, сапалы білім алуға бірегей мүмкіндік ұсынады. Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасында 2 жыл жəне Ұлыбританияда 2 жыл оқиды, кейін студенттер ҚБТУ жəне Рэдинг университетінің дипломдарын алады.