{spoiler=Халықаралық шығыс академиялық ұтқырлық}
Халықаралық шығыс академиялық ұтқырлық (сонымен қатар "студенттер алмасу" немесе "алмасу бағдарламасы") – бұл білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңге: бір семестрге немесе оқу жылына ҚБТУ-да білім беру кредиттері түрінде курстарды міндетті түрде қайта есептей отырып, шетелдік серіктес ЖОО-ға оқуға ауысуы. (Бакалаврларға арналған қосымша ақпарат www.wsp.kbtu.kz «Академиялық ұтқырлық» бөлімінде).
Білім алушыларды академиялық ұтқырлық бойынша серіктес ЖОО-да оқуға жіберу мүмкіндігі академиялық ұтқырлық конкурсының нәтижелеріне, серіктес ЖОО-да қолжетімді орындарға байланысты және былайша жүзеге асырылады:
Білім алушының жеке қаражаты есебінен
- Студент серіктес университеттегі оқу ақысын қоспағанда, виза, ұшып бару, тұру, тамақтану шығындарын өз бетінше көтереді. Бір семестр үшін төлем ҚБТУ-да, оқуға арналған шарт шеңберінде жүргізіледі.
- 2-3 оқу курсының бакалаврлары, ғылыми-педагогикалық бағыттағы оқытудың 2- семестріндегі магистранттар өтініш бере алады. Алмасу бакалавриаттың 2 курсының көктемгі семестрінен немесе магистратураның 2 курсының күзгі семестрінен басталады.
- Талаптар: өтініш беру кезінде – GPA минимум 2.5, ағылшын тілін білу деңгейі минимум B2 (транскриптте көрсетіледі) немесе IELTS 5.5 жарамды сертификаты. B2 ағылшын тілінің деңгейін растау болмаған жағдайда, өтінімдерді қабылдау туралы хабарландырудан сілтеме бойынша тыңдауға тіркелуге және ағылшын тілін меңгерудің қажетті деңгейін растауға болады.
- Қажет құжаттар: Ағылшын тіліндегі транскрипт (1 семестрден бастап аяқталған семестрлер үшін), төлқұжаттың сапалы сканерленген көшірмесі, қажет болған жағдайда ағылшын тілін меңгергені туралы анықтама (тыңдалымнан сәтті өткеннен кейін Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебі ұсынады).
- Бакалаврлар Uninet – «Академиялық ұтқырлық» бөлімінде өтініш береді. Магистранттар құжаттарды «Академиялық ұтқырлық» белгісімен
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. мекенжайына жібереді. - Өтінім беру мерзімі: көктемгі семестрге – 1 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін, күзгі семестрге – 1 ақпаннан 25 ақпанға дейін.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен (ҚР ҒжЖБМ)
- Жылына бір рет ҚР ҒжЖБМ ұшып бару, виза, сақтандыру және тұрғын үй шығындарын ішінара жабуға қаражат бөледі. Шығындардың әрбір санаты үшін бөлінген сомадан артық жұмсалған қаражатты студент өзі көтереді. ҚР-ға оралғаннан кейін ҚБТУ-ға қаражаттың жұмсалуы туралы барлық есепті қаржылық құжаттарды тапсыру және пайдаланылмаған ақшалай қаражатты ҚБТУ-ға қайтару қажет.
- Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын 2-3 курс бакалаврлары қатыса алады.
- Талаптар: тапсыру кезінде GPA минимум 2.5, ағылшын тілін білу деңгейі минимум B2 (транскриптте көрсетілген) немесе IELTS 5.5. Сонымен қатар ағылшын тілін меңгерудің қажетті деңгейін растау үшін тестілеу жүргізілмейді.
- Қажет құжаттар: Конкурсқа қатысу үшін өтініш; ағылшын тіліндегі ресми транскрипт (1 семестрден бастап аяқталған семестрлер үшін, Тіркеуші кеңсесі ұсынады); төлқұжаттың сапалы көшірмесі; IELTS сертификаты кемінде 5.5 немесе ағылшын тілін меңгергені туралы анықтама (транскриптте минимум В2 деңгейі көрсетілсе, Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебі ұсынады); №072/е нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатын адам үшін); бар болса - отбасының көп балалығын/ата-анасының жоқтығын/студенттің мүгедектігін растайтын құжаттар.
- Барлық құжаттар үстіңгі жағы мөлдір пластик тезтікпеге тігіледі (басты бетте – ТАӘ, оқу жылы, бағдарлама, телефон) және ҚБТУ кеңсесіне тапсырылады.
- Конкурс мерзімі ҚР ҒжЖБМ грант бөлу күніне байланысты.
Erasmus стипендиясы есебінен+
- ҚБТУ Erasmus+ бағдарламасы аясында бірқатар еуропалық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық құрған.
- Бөлінген стипендиялар туралы хабарландыру ҚБТУ мектептеріне Erasmus+ аясында еуропалық ЖОО-мен ынтымақтастық саласына байланысты жіберіледі.
- Құжаттар тізбесі "Білім алушының жеке қаражаты" санатымен бірдей.
Қосымша ақпарат
Оқуға жіберу үшін академиялық және қаржылық берешегі жоқ білім алушылар жіберіледі. Ақылы негізде білім алушы ҚБТУ-дағы оқу ақысын оқу құнына сәйкес алдын ала төлеуге міндетті.
Білім алушыларды бөлгеннен кейін және серіктес ЖОО-дан шақыру хатын алғаннан кейін интернационалдандыру департаментіне (ИД):
- Академиялық мәселелер жөніндегі проректордың атына іссапарға жіберу туралы өтініш.
- Жеке оқу жоспары ұсынылады. Пәндерді іріктеу ҚБТУ мектебінің деканымен келісілуі тиіс. Серіктес ЖОО ұсынған пәндер тізімінен ұтқырлық жүзеге асырылатын семестрде игерілуі тиіс мазмұны жағынан ұқсас міндетті пәндерді таңдау қажет; таңдау бойынша пәндердің кез келгенін таңдауға болады, бірақ таңдау бойынша пән типіне сәйкес келетін (жалпы білім беретін / базалық / бейіндік) кез келген пән таңдалуы мүмкін. Кредит саны алдағы семестрде ОЖЖ бойынша игеру қажет мөлшерге оңтайлы тең болуы керек. Пәндер / кредиттер саны сәйкес келмеген жағдайда білім алушы қайтқан кезде пәндерді игеруге, оның ішінде қажет болған жағдайда ақылы түрде игеруге жауапты болады.
- Оқыту туралы келісім (Learning agreement). Үлгіні серіктес ЖОО ұсынады.
Білім алушылар құжаттарды шет елдердің визалық орталықтарына/елшіліктеріне/консулдықтарына дербес тапсырады.
ҚБТУ-ға оралғаннан кейін ИД-ге:
- ҚБТУ-да қалпына келтіру туралы өтініш,
- Серіктес-университеттің транскрипті,
- Ұтқырлық бойынша есептілікке арналған қаржылық құжаттар ұсынылады (егер ұтқырлық ҚР ҒжЖБМ грант қаражаты есебінен жүзеге асырылса).
Кредиттерді қайта есептеуді ҚБТУ бағалау жүйесіне бейімделгеннен кейін серіктес ЖОО-ның қойылған бағаларына сәйкес деканат жүзеге асырады.
{/spoilers}
{spoiler=Кіріс академиялық ұтқырлық }
- Серіктес жоғары оқу орындарының білім алушылары ҚБТУ-ға алмасу бойынша олардың жоғары оқу орнының халықаралық бөлімі ұсынғаннан кейін оқи алады.
- Білім алушыға пәндер тізімі жіберіледі, содан кейін білім алушыға ҚБТУ мектебінің деканатымен алдын ала келісілген өтініш-нысан, төлқұжаттың көшірмесі және оқу туралы келісім жіберу қажет.
- Білім алушы бір ай ішінде ҚБТУ-дан шақыру хатын және визаға тапсыру үшін Қазақстанның көші-қон қызметі мақұлдаған шақыруды алады (егер білім алушы азаматтары үшін виза талап етілетін елден болса).
- Сұрақтар туындаған жағдайда
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. мекенжайына жазуды сұраймыз.
{/spoilers}
{spoiler=Профессорлық-оқытушылық құрам мен академиялық емес қызметкерлерге арналған академиялық ұтқырлығы}
Эразмус+ бағдарламасы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
профессор-оқытушылар құрамы мен академиялық емес қызметкерлердің жеке академиялық ұтқырлығы
1. Жалпы ережелер
1.1. Байқау Erasmus+ бағдарламасының 1-негізгі бағыты – «Профессор-оқытушылар құрамы мен академиялық емес қызметкерлердің жеке академиялық ұтқырлығы» аясында ҚБТУ-дың академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушыларды анықтау мақсатында өткізіледі.
1.2. Академиялық ұтқырлықтың жалпы параметрлері: оқытушылар, академиялық емес қызметкерлер, ұтқырлық ұзақтығы, қатысушылар саны, пәндік бағыттар, тіл, өтінім беру мерзімдері, сілтемелер мен байланыс деректері Erasmus+ бағдарламасының 1-негізгі бағыты – «Профессор-оқытушылар құрамы мен академиялық емес қызметкерлердің жеке академиялық ұтқырлығы» шеңберінде ҚБТУ мен шетелдік серіктес жоғары оқу орындары арасында жасалған келісімдермен айқындалады. Байқау жарияланған сәтте қолданыста болатын қабылдау квоталары мен қаржылық шарттарды серіктес жоғары оқу орны ұсынған мәліметтерге сәйкес қабылдаушы университеттер белгілейді.
1.3. Бағдарламаға қатысушыларды алдын ала іріктеуді ҚБТУ-дың Интернационалдандыру жөніндегі проректоры төрағалық ететін Байқау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
1.3.1. ППҚ байқауы бойынша Комиссия құрамына:
• Мектептің 2 өкілі (1 ППҚ өкілі және 1 декан орынбасары);
• Мектеп деканы;
• ТДМ жобалары жөніндегі директор;
• ҚБТУ-дың Интернационалдандыру жөніндегі проректоры тағайындаған интернационалдандыру өкілдері қатарынан хатшы кіреді.
1.3.2. Академиялық емес қызметкерлер байқауы бойынша Комиссия құрамына:
• құрылымдық бөлімшенің басшылығы;
• Адами капиталды дамыту департаментінің директоры;
• ТДМ жобалары жөніндегі директор;
• ҚБТУ-дың Интернационалдандыру жөніндегі проректоры тағайындаған интернационалдандыру өкілдері қатарынан хатшы кіреді.
1.4. Комиссия хаттамаларына ҚБТУ-дың Интернационалдандыру жөніндегі проректоры қол қояды.
1.5. Хаттама негізінде серіктес жоғары оқу орнына жолданатын хат дайындалып, іріктелген кандидатқа қатысты тиісті келісімге қол қойылады.
2. Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға ҚБТУ штатында жұмыс істейтін профессор-оқытушылар құрамы мен академиялық емес қызметкерлердің өкілдері қатыса алады, егер олардың кәсіби бағыты серіктес жоғары оқу орнымен жасалған академиялық ұтқырлық туралы келісімдерде көрсетілген пәндік салаларға немесе серіктес жоғары оқу орнымен келісілген бағыттарға сәйкес келген жағдайда.
2.2. ППҚ өкілдеріне қойылатын талаптар және байқауға құжаттарды ұсыну:
• қабылдаушы университетте сабақ беру үшін шетел тілін меңгеру;
• ҚБТУ рейтингінің артуына ықпал ететін академиялық ұтқырлықты негіздеу;
• ҚБТУ-дағы кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі көрсетілген түйіндеме;
• ұтқырлық тақырыбы бойынша ғылыми зерттеудің болуы;
• кемінде 15 сағатқа арналған силлабус;
• кемінде 15 сағаттық дәріс жоспары мен нәтижелілігі бар зерттеуді қамтитын академиялық ұтқырлық жоспары. Нәтижелілік мысалы: журналға немесе конференцияға арналған бірлескен мақала жобасы, бірлескен жоба бойынша келісім, докторанттарға ғылыми жетекшілік және т.б.
2.3. Академиялық емес қызметкерлер өкілдеріне қойылатын талаптар:
• шетел тілін меңгеру;
• ҚБТУ-дағы кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі көрсетілген түйіндеме;
• ұтқырлық тақырыбы бойынша кәсіби профильдің болуы;
• ҚБТУ рейтингінің артуына ықпал ететін академиялық ұтқырлық мақсаты;
• серіктес жоғары оқу орнының тиісті зертханалары мен бөлімшелерімен танысуды, Мектептердің қос диплом бағдарламаларын / Корпоративтік білім беру академиясы бағыттары бойынша қысқа мерзімді курстарды талқылауды / бірлескен зертханалар немесе орталықтар ашуды қамтитын нәтижелілігі бар академиялық ұтқырлық жоспары. Нәтижелілік мысалы: ҚБТУ Мектептері үшін қос диплом бағдарламалары немесе КБА курстары бойынша ұсыныс жобасы, бірлескен жоба / зертхана / орталық құру туралы келісім және т.б.
3. ППҚ үшін байқау кезеңдері
3.1. Интернационалдандыру департаменті Байқау туралы ақпаратты тиісті деканаттарға жолдайды және ҚБТУ сайтындағы «Интернационалдандыру – Erasmus академиялық ұтқырлығы» бөлімінде жариялайды, сондай-ақ ұтқырлық түріне байланысты 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес байқау өтінімін тіркейді.
3.2. ППҚ / персонал байқау өтінімін (1-қосымша) рәсімдеп, белгіленген мерзімде электрондық форматта тапсырады.
3.3. Тіркелген өтінімдерді Комиссия қарайды, сондай-ақ ППҚ-ның еңбек өтілі мен жетістіктерін (бар болған жағдайда) растайтын Адами капиталды дамыту департаментінің визасын алады.
3.4. Комиссия іріктеу жүргізеді, 3-қосымшада көрсетілген критерийлерді басшылыққа алады және ҚБТУ-дың Интернационалдандыру жөніндегі проректоры бекітетін хаттаманы рәсімдейді.
3.5. Интернационалдандыру департаменті ТДМ жобалары департаментімен келісу арқылы байқау нәтижелері туралы шешімді қабылдаушы жоғары оқу орындарына жолдайды және бағдарлама қатысушыларын ұсынады.
4. Қорытынды ережелер
4.1. Іріктелген кандидаттар қабылдаушы жоғары оқу орны белгілеген талаптар мен мерзімдерге сәйкес оқу/оқыту үшін қажетті құжаттарды рәсімдейді және академиялық ұтқырлық аяқталғаннан кейін ҚБТУ-ға есеп жолдап, Мектептің немесе құрылымдық бөлімшенің кеңейтілген отырысында баяндама жасайды.
5. Байқаудың барлық ережелері мен нәтижелері ҚБТУ сайтындағы тиісті бөлімде жариялануы тиіс.
6. Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру мақсатында қабылдаушы жоғары оқу орны бағдарламаға қатысушы әрбір адаммен жеке келісім жасайды.
7. Қабылдаушы жоғары оқу орнынан растау/шақыру алғаннан кейін бағдарлама қатысушылары Интернационалдандыру жөніндегі проректормен және ТДМ жобалары департаментімен келісу арқылы ҚБТУ-да іссапар туралы бұйрықты өз бетінше рәсімдейді.
8. Шетелде болуға, тұрғын үйге, визалық мәселелерге және серіктес жоғары оқу орны алдындағы есептілікке қатысты жауапкершілікті Erasmus стипендиялық бағдарламасының қатысушысы өзі көтереді.
{/spoilers}