Бакалавриаттың даярлық бағытына сәйкес келмейтін /ұқсас емес магистратура бағдарламаларына құжаттар тапсырған үміткерлер магистратураның тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті Пререквизиттер пәндерін тапсырған жағдайда ҚБТУ-да оқуға құқылы.

Магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда алдыңғы деңгейдегі оқу нәтижелері автоматты түрде танылады; магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда магистрантқа игеру үшін Пререквизиттер белгіленеді.

 

 Білім беру бағдарламасы

      Пререквизит-пәндер тізімі

 Ақпараттық жүйелер

  1. Деректер базасының жүйелері
  2. Алгоритмдер және деректер құрылымы
  3. Бағдарламалау принциптері

 Есептеу техникасы және

 бағдарламалық жасақтама

  1. Деректер базасының жүйелері
  2. Алгоритмдер және деректер құрылымы
  3. Бағдарламалау принциптері

 Математикалық және компьютерлік

 моделдеу

  1. Математикалық талдау
  2. Дифференциалдық теңдеулер / математикалық физика теңдеулері
  3. Сандық әдістер

 Мұнай-газ ісі

  1. Мұнай-газ инжинирингіне кіріспе
  2. Мұнай және газ кен орындарын игеру техникасы мен технологиясы

 Геология және пайдалы қазбалар кен

 орындарын барлау

  1. Жалпы геология
  2. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
  3. Қазақстанның минералды ресурстары

 Органикалық заттардың химиялық

 технологиясы;

 Мұнай химиясы

  1. Жалпы химиялық технология
  2. Органикалық химия

 Материалтану және жаңа материалдар

 технологиялары

  1. Материалтануға кіріспе
  2. Физикалық химия

 Наноматериалдар және

 нанотехнологиялар (салалар бойынша)

  1. Нанотехнология негіздері (немесе наноэлектроника негіздері)
  2. Механика
  3. Молекулалық физика
 

Тиісті немесе ұқсас мамандықтарға түскен магистранттың транскриптінде көрсетілген пререквизит-пәндер немесе оларға ұқсас пәндер болмаған жағдайда магистратураның бірінші семестрінде ақылы негізде пререквизит-пәндерді меңгеру қажет. Пререквизиттер тізбесі оқу жоспарларына өзгерістер енгізілген жағдайларда өзгертілуге жатады.

Магистратураның басқа басқармалары бойынша Пререквизиттер талап етілмейді

Абитуриенттер ресми қабылданғанға дейін ҚБТУ қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы тиіс.