2021 жылдан бастап мемлекеттік білім беру грантында мемлекет есебінен білім алған магистратура мен докторантура студенттері университетті бітіргеннен кейін 3 (үш) жыл жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап Жұмыспен қамту ережелері жеңілдетілді: түлектер бұрын талап етілгендей тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, сонымен қатар жеке меншік ұйымдарда да жұмыс істей алады.

Сондай-ақ, нақты оқу кезеңіне сәйкес грантшыны оқытуға мемлекет жұмсаған шығыстарды өтеу нормасы енгізілді. Яғни, егер студент грант бойынша екі жыл оқып, содан кейін ақылы формаға ауысса, онда ол тегін оқу жылдарының санына сәйкес уақытты жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл норма ақылы түрде оқитын студенттер грант бойынша бос орындарға конкурс арқылы түскен жағдайда да қолданылады.

Гранттық негізде оқып шыққан студентке мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға қанша уақыт беріледі?  

Жұмысқа жолдаманы түлектерді бөлу жөніндегі комиссия алдын ала береді, ал ол комиссия университет жанынан құралады. Түлек оқуды бітірген жылы 1 қыркүйектен бастап жұмыс істеуі керек. 

Мамандығы бойынша жұмысқа орналаспаған түлектерге қандай жауапкершілік жүктеледі? 

Жоғарыда көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда оқу шығындарын өтеу жөніндегі жауапкершілік қарастырылған. 

Қандай жағдайда мемлекеттік грантты өтеу міндетті емес?  

Оқу ақысы толығымен төленген жағдайда, сондай-ақ мынадай жағдайларда: 

  • тұрғылықты жерде, жұмыс орнында немесе жұбайы қызмет ететінде жерде мамандығы бойынша бос жұмыс орны табылмаса;  
  • I және II топтағы мүгедектігі болса; 
  • оқуын одан әрі жалғастыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде магистратураға, докторантураға немесе резидентураға оқуға түскен жағдайда; 
  • екіқабат әйелдерге;  
  • үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) жалғыз өзі тәрбиелеп, өсіріп отырған тұлғаларға 

мемлекеттік грантты өтеу міндетті емес.

 

Гранттарды өтеу жөніндегі ақпаратты жылдам алу үшін ҚР БжҒМ-нің Telegram-дағы FINCENTER ботын пайдаланыңыз, ол жерде ҚР БжҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның бағдарламалары мен еңбекпен өтеу туралы барлық қажетті ақпарат берілген.