ЖАЗҒЫ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ:
ҰТО арқылы емтиханға өтініш қабылдау app.testcenter.kz ҚБТУ сайтында сауалнаманы толтыру |
|
QAZTEST тапсыру |
|
Өңірлік тестілеу орталықтарының базасында білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарын тапсыру |
|
Сүхбаттасу |
|
Білім беру грантын беруге арналған Конкурс |
|
Докторантураға қабылдау |
|
Оқудың басталуы |
|
ҚЫСҚЫ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ:
ҰТО арқылы емтиханға өтініш қабылдау app.testcenter.kz ҚБТУ сайтында сауалнаманы толтыру |
|
Өңірлік тестілеу орталықтарының базасында білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарын тапсыру |
|
Докторантураға қабылдау |
|
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ТҮСУ (БІЛІМ ГРАНТЫ)
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде және ықтимал 100 баллдан кемінде 75 балл жинаған докторантураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша неғұрлым жоғары баға алған тұлғалар басым құқыққа ие болады. Содан кейін білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктер ескеріледі: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде соңғы 3 күнтізбелік жылдағы Clarivate Analytics компаниясының Web of science дерекқорының Journal Citation Reports деректері бойынша 1, 2 квартильге кіретін рейтингтік ғылыми басылымдарда, ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер, ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар, ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар.
АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ТҮСУ
Тұлғаларды докторантураға қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша ықтимал 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
ШЕТ ТІЛІН МЕҢГЕРГЕНІН РАСТАЙТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАРДЫҢ ШЕКТІ МӘНДЕРІ
TOEFL IBT сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді тапсырады.
Ағылшын тілі:
IELTS Academic - кемінде 5.5
TOEFL IBT - кемінде 46
TOEFL PBT - кемінде 453
TOEFL ITP - кемінде 460
Неміс тілі:
DSH-Niveau В2 / В2 деңгейі
TestDaF-Prufung-Niveau В2 / В2 деңгейі
Француз тілі:
TFI-В2 деңгейі
DELF-B2 деңгейі
DELF-B2 деңгейі
TCF-50 ұпай
* Шекті балл өзгеруі мүмкін-ҚР БҒМ реттейді