Қазақстан-Британ техникалық университеті магистратураның білім беру бағдарламалары негізінде PhD докторантурасына (философия докторы) және DBA кадрлар даярлауды жүзеге асырады.

ҚБТУ докторантурасына түсу үшін міндетті шарт:

  • "магистр" дәрежесінің болуы (PhD докторантурасына кадрлар даярлау үшін)
  • бейіндік бағыттағы магистратура дипломы бар тұлғалар үшін педагогикалық циклден өткені туралы куәліктің болуы,
  • магистр дәрежесінің немесе DBA докторантурасына кадрлар даярлау үшін бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнайы білімінің болуы;
  • мамандығы бойынша еңбек өтілі 9 (тоғыз) айдан кем емес.

ҚБТУ-да мақсатты даярлық шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту шарттарында және білім алушының қаражаты және өзге де көздер есебінен ақылы негізде докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өтініштер қабылдау жүзеге асырылады. 

 

Докторантураға түсу емтиханының форматы 2021

Биылғы жылы докторантураға түсу үшін бірқатар жаңалықтар қарастырылған. Алғаш рет қабылдау емтиханы тестілеу орталықтары базасында электрондық форматта өтеді. Бұл түсу емтихандары тек тестілеу форматында болады дегенді білдірмейді. Болашақ докторанттар ЖОО өздері бекітетін тақырыптар бойынша эссе жазады.

Түсу емтиханының қорытынды бағасы эссені, докторантурада оқуға дайындық тестін және бейінді емтихандарды бағалау нәтижелерін жинақтау арқылы алынған балдардың жиынтығы болып табылады. 

 

Байланыс ақпараты

Мекен жайы

Төле би көш 59, Алматы қ-сы, Қазақстан Республикасы, 050000

Телефон

+7 (727) 357 42 63;

+7 (727) 357 42 64

Электрондық адрес

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі - Жұма 9:00 - 18:00