Құрметті мектеп оқушылары мен колледж түлектері! Біз сіздерге Қазақстан Республикасының 10-11, 11-12 (НЗМ) сынып оқушылары мен колледж түлектері арасында Республикалық пәндік олимпиада өткізілетіні туралы қуана хабарлаймыз.
⠀
Олимпиада алты бағыт бойынша өтеді:
⠀
- Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
- Бизнес және басқару
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Теңіз көлігі және технологиялары
- Химиялық инженерия және процестер
- Материалтану және технологиялар.
⠀
Олимпиада жеңімпаздары ҚБТУ гранттары мен жеңілдіктерің жеңіп алады.
⠀
Олимпиада форматы: Онлайн
1 тур: 17-18 наурыз 2022 ж.
2 тур: 28-31 наурыз 2022 ж.
Олимпиада нәтижелері 2022 жылдың 4 сәуірінде жарияланады.
⠀
Тіркелу және Олимпиада туралы барлық ақпарат: http://olymp2022.kbtu.kz/
Тіркелу 2022 жылдың 13 наурыз 23:59 дейін ашық болады
⠀
Олимпиада қатысушыларына арналған Telegram-чатына сілтеме: https://t.me/+muefIYiHF0tmNGUy
⠀
Тезірек тіркеліңіз! ҚБТУ грантын ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз!