«Көлік инженериясы және жоспарлау» бағыты бойынша магистратурасының білім беру бағдарламасы (ары қарай ББ) ҚБТУ-дың кадрлерді ұлттандыру мемлекеттік бағдарламасына, еңбек нарығының талаптарына, және де Білім берудің Мемлекеттік Жалпыға міндетті Стандарттарына сәйкес даярлап бекіткен құжаттар жүйесін білдіреді.

«Көлік инженериясы және жоспарлау» бағыты бойынша магистратурасының білім беру бағдарламасының басты мақсаты Қазақстанға логистика және көліктік жобалар саласы үшін жоғары білікті, басқарушы адами капитал даярлау болып табылады.

Аталған бағдарлама бойынша білім алған түлек көлік, кқлік заңнамалары, көліктік жоспарлау, экономика және финанс салалары бойынша бәсекеге қабілетті білім алып, адами капиталды басқару мен жобаларды жүргізу негіздерін игереді.

Бәсекеге қабілетті білімге қол жеткізу үшін өз мамандықтары бойынша әлемдік трендтегі білімге ие Қазақстанның, Нидерланды және Италияның теңіз және оффшор индустриясында жұмыс істеп жүрген мамандарын сабақ беруге шақырылады. Сонымен қатар, көлік саласындағы қазақстандық мамандарды оқытушылық процеске қатыстыру - магистранттардың еліміздің ағымдағы жағдайда қажетті дағдылармен қамтамасыз етеді, ал ол өз алдына білім алғаннан кейін мемлекеттің көлік индустриясына интеграциялануын жеңілдетеді.

 

Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін мамандықтар тізімі           

Білім беру бағдарламасын игерген тұлғаларға «көлік инженериясы және жоспарлау» мамандығы бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесі беріледі және олар келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:

  • Тасымалдауды ұйымдастыру бойынша инженер
  • Жүк тасымалы экспедиторы
  • Кеденмен жұмыс бойынша менеджер
  • Кедендік брокер
  • Мультимодальды тасымал бойынша маман
  • Экспорт және импорт бойынша менеджер
  • Lean-менеджер
  • Логистикалық операциялар координаторы
  • Логистика маманы
  • Агент қызметін көрсету және жабдықтау менеджері
  • Жүк инспекторы
  • Жүк брокері
  • Теңіз операциялар менеджері
  • Экспедитор
  • ЖОО мен колледж мұғалімі
  • ҒЗИ ғылыми маманы

Мамандардың жұмысқа орналасу мүмкіншіліктері

            Аталған ББ білім алған жас маманға Қазақстан Республикасының түрлі көлік салаларында жұмысқа орналасудың кең мүмкіндіктері ашылады. Мысалы:

- Жер, ауа, су көліктерін пайдалану;

- Әртүрлі көліктердегі қозғалыстарды ұйымдастыру;

- Көлік қозғалыстарын модельдеу және жобалау;

- Заманауи менеджмент пен маркетинг негізінде көлік жүйелерін техникалық және коммерциялық пайдалануын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; 

- Логистика принциптері негізінде түрлі көліктердің тиімді қарым-қатынасын ұйымдастыру;

- және т.б.

 

Байланыстар:

Декан: Дуйсенбиев Аскар Шамшидинович

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Декан Орынбасары: Бикташев Рамиль Гафурович

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

тел: 8 727 357 42 27 (вн. 394)

 

Главный менеджер: Нұрлаева Ғазиза Ғапужанқызы

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

тел. 8 727 357 42 27 (вн. 395)