Білім беру бағдарламасының мақсаты: келесі қабілеттіліктерге ие мұнай және газ саласындағы магистрлерді даярлау:

  • мұнай-газ саласын тұрақты дамыту, мұнай өндіруді күшейту, мұнай-газ технологияларын жетілдіру үшін заманауи теориялар мен зерттеу әдістерін қолдану;
  • мұнай және газ саласындағы жаңа инновациялық технологиялық процестер мен жабдықтарды жобалау және дамыту;
  • мұнай-газ жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету технологияларын жетілдіру;
  • бұрғылаудың, өндірудің, әзірлеудің, пайдаланудың заманауи технологияларын қолдану;
  • мұнай және газ өндіру процестерін басқару, дамыту және енгізу;
  • көшбасшылық және сендіру, қарым-қатынасты орнату дағдыларын көрсету.

Білім беру бағдарламасының тұтынушылары: мұнай-газ саласының өнеркәсіп кәсіпорындары (өндірістік және басқару қызметі); республиканың және шет елдердің жоғары оқу орындары (ғылыми-педагогикалық қызмет); ғылым және білім саласындағы мемлекеттік ұйымдар (сараптама және басқару қызметі); жер қойнауын пайдалану проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институттары (ғылыми зерттеулер); жобалау ұйымдары (жобалау, сараптама және басқару қызметі).

 

        Білім беру бағдарламасында күтілетін мамандықтардың тізімі

        Оқу бағдарламасын игергендерге «Мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі және келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:

  • Мұнай-газ саласының инженері:
  • Мұнай және газ кен орындарын игеру
  • Ұңғымаларды бұрғылау
  • Ұңғымадағы операциялар
  • Мұнай және газ өнімдерін игеру
  • Мұнай және газ өнімдерін жинау және дайындау
  • Көмірсутектерді тасымалдау
  • Ғылыми-зерттеу институты ғылыми қызметкері
  • ЖОО-лар мен колледждердің оқытушысы

        

         Жұмыспен қамтудың перспективалары

         ҚБТУ-дың түлектері Қазақстанның және шетелдің ұлттық және халықаралық мұнай-газ компанияларында жұмыс істей алады. Бұл компаниялар жыл сайын магистранттарды жұмысқа орналасу үшін тәжірибеден өтуге шақырады. Жақсы академиялық үлгерімі бар магистранттар жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, себебі компаниялар жақсы жүктемемен жұмыс істеген магистранттарға қызығушылық танытады. Жыл сайын ҚБТУ-да түлектерді жұмысқа қабылдайтын жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

          Сондай-ақ, осы бағдарламаның түлектері Қазақстанда және шетелде докторлық бағдарламалар бағдарламаларына қатыса алады.

 

 

Байланыстар

Декан

Онгарбаев Ердос Калимуллаулы

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Тел.: 8 727 357 42 28 (вн. 305)

 

Декан орынбасары

Узакбаев Ернар Батырбекович

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.