«8D0720 – Металлургиялық инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми, педагогикалық және басқару кадрларын даярлау. Докторантура ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша 3 жыл оқу мерзімімен жүзеге асырылады. Оқыту тілі: ағылшын.
Мақсаттары мен міндеттері:
«8D0720 – металлургиялық инженерия» докторантураның білім беру бағдарламасы бітірушілерді металлургияның әртүрлі салаларында кәсіби қызметтің ғылыми-зерттеу, өндірістік-технологиялық, жобалау-талдау және жобалау-технологиялық түрлерін жүзеге асыруға дайындауға бағытталған және технологиялық процестерді талдау мен іске асыруды, металлургиялық өндірістің әртүрлі салаларында жабдықтарды пайдалану мен жобалауды қамтиды.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- техника мен технологияның инновациялық дамуы және техникалық мамандықтарды оқыту әдістемесі бойынша берік білімі бар, заманауи формацияның жоғары білікті мамандарын даярлау;
- докторанттардың металлургия өндірісін, минералды, табиғи және техногендік шикізатты қайта өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру және оңтайландыру әдістерін толық меңгеруі;
- заманауи жабдықтармен жұмысты және жабдықты практикада қолдану әдістерін игеру;
- іргелі жобалардың ғылыми және технологиялық негіздерін жасау;
- ғылыми-зерттеу институттары және университеттерімен әрекеттестік және ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін алғышарттар жасау.
Түлектің кәсіби қызмет саласындағы, металлургиялық өндіріс, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметпен байланысты ғылым мен техника саласы болып табылады.
Маңызды негіздер:
Металлург мамандығы ғылыми-зерттеу жұмысына, аналитикалық ойлауға деген қызығушылықты арттырады.
Металлург инженерінің міндеттеріне кіретін:
- қолданыстағы металлургия өндірістерін жетілдіру үшін теориялық және техникалық алғышарттарын жасау;
- ЖОО-да металлургия және материалтану саласындағы педагогикалық қызметті жоспарлау және жүзеге асыру;
- зерттеудің мақсаттары мен міндеттерінің мәселерерін тұжырымдау;
- ғылыми-техникалық ақпараттарды талдау және алынған нәтижелерді түсіндіру;
- әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар жасау бойынша жұмыс жасау;
- халықаралық конференцияларға қатысу, ғылыми мақалалар жазу.
Докторантурадағы оқудың теориялық және практикалық минимумы:
Бағдарламаны меңгеруге, техникалық ғылымдар магистрі бойынша академиялық дәрежесі бар мамандар жіберіледі. Оқуға түсуші мыналарды білуі керек:
- материалдар мен олардан жасалған дайын бұйымдарды өндіру және өңдеудің технологиялық процестерінің теориялық негіздерін білу;
- ғылыми және технологиялық аспаптар мен жабдықтардың құрылысы мен жұмысын;
- инженерлік есептеулер мен металлургиялық процестерді зерттеу нәтижелері бойынша орындалған жұмыстардың сапасы туралы қорытынды жасау;
- орындалған жұмыс нәтижелері бойынша есептерді жасау.
«8D0720 – Металлургиялық инженерия» PhD бағдарламасы бойынша, Материалтану және коррозия мәселелері ҒББО-ның докторанттары үшін шетелдік тағылымдама және шетелде халықаралық конференция қарастырылған.
Білім беру бағдарламасының пререквизиттері:
- Металлургиялық процестер теориясы;
Бағдарламаның міндетті компоненттері:
- Академиялық жазу
- Ғылыми зерттеу әдістері
Бағдарламаның кейбір элективті пәндері:
Қазақстан Республикасында минералдық шикізатты пайдаланудың технологиялық, экономикалық және экологиялық аспектілері |
Өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы техногендік қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы мен теориясы |
Сұйық жүйелер құрылысының теориясындағы қазіргі тенденциялар |
Материалтану мен металлургиядағы органометалл қосылыстары |
Гетерогенді жүйелердегі диффузия және химиялық кинетика |
Металлургиядағы кендерді байытудың физикалық, химиялық және электрохимиялық әдістері |
Металдардың өнеркәсіптік өндірісінің көзі – минералдардың физикалық-химиялық қасиеттері мен құрылыс ерекшеліктері |
Өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы техногендік қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы мен теориясы |
Байланыстар
Басшысы
Шарипов Рустам Хасанович
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Моб. тел +7 702 100 98 77
Магистрлік және докторлық бағдарламалардың үйлестірушісі
Балгимбаева Улпан Аманкоскызы
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
вн. 473