«8D07105 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми, педагогикалық және басқару кадрларын даярлау. Докторантура ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша 3 жыл оқу мерзімімен жүзеге асырылады. Оқыту тілі: ағылшын.
Мақсаттары мен міндеттері:
Бұл білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы мамандарды, іргелі техникалық ғылымдар мен техникалық мамандықтарды оқыту әдістемесін білетін ғылыми кадрларды даярлау, олар сонымен қатар өз саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке-дара дамытуға қабілетті.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- докторанттардың заманауи жабдықтармен жұмыс жасауды және оларды практикада қолдану әдістерін толық меңгеруі.
- докторанттарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары, атап айтқанда зерттеу, материалдардың коррозиясы мәселелерін шешу туралы түсінік қалыптастыру.
- қазақстандық және әлемдік ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерімен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық;
Материалтану саласындағы бағыт ғылым мен техниканың іргелі және қолданбалы бағыттарының қиылысында орналасқан пәнаралық саланы қамтиды.
Бұл саланың өзектілігі: машина жасау және металлургия саласындағы, мұнай өнеркәсібіндегі құбырлардың коррозия мәселелері болып табылады.
Маңызды қасиеттері
Материалтану мамандығы зерттеу жұмысына қызығушылықты, аналитикалық және сыни ойлауды арттырады.
- Материалтанушының міндеттеріне кіретін:
- материалдар коррозиясының алдын алу бойынша жобалар мен инновациялық әдістерді әзірлеу;
- технологиялық мәселелерді шешу;
- жұмыстың негізгі бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу және олардың негізінде есептер дайындау;
- әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар жасау бойынша жұмыс;
- халықаралық конференцияларға қатысу, ғылыми мақалалар жазу.
Докторантурадағы оқудың теориялық және практикалық минимумы:
Бағдарламаны меңгеруге, техникалық ғылымдар магистрі бойынша академиялық дәрежесі бар мамандар жіберіледі. Оқуға түсуші мыналарды білуі керек:
- материалдардың фазалық құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыстың негізгі заңдылықтарын;
- материалдар мен олардан жасалған дайын бұйымдарды өндіру және өңдеудің технологиялық процестерінің теориялық негіздерін білу;
- ғылыми және технологиялық аспаптар мен жабдықтардың құрылысы мен жұмысын;
- материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу әдістерін практикада қолдану;
- жаңа материалдарды алу және өңдеу технологияларын әзірлеу;
- ғылыми зерттеулер нәтижелерін математикалық өңдеу, ғылыми және технологиялық құжаттаманы жасау дағдылары;
- техникалық және экологиялық қауіпсіздік, адам өмірін қорғау, құқықтық нормалар мен экономикалық мәселелер бойынша құзыретті болу.
«8D07105 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» PhD бағдарламасы бойынша, Материалтану және коррозия мәселелері ҒББО-ның докторанттары үшін шетелдік тағылымдама және шетелде халықаралық конференция қарастырылған.
Білім беру бағдарламасының пререквизиттері:
- Қатты дене физикасы;
- Жартылай өткізгіштер физикасы;
- Металдардың механикалық қасиеттері.
Бағдарламаның міндетті компоненттері:
- Академиялық жазу
- Ғылыми зерттеу әдістері
Бағдарламаның кейбір элективті пәндері:
Жаңа материалдар құрудың ғылыми негіздері |
Қатты дененің аймақтық теориясы |
Микроскопия мен рентгендік құрылымдық талдаудың заманауи әдістері |
Қатты материалдардың электрофизикалық қасиеттері |
Материалтанудағы нанотехнология |
Материалдарды бақылау әдістері мен құрылғылары |
Материалдардың фазалық диаграммаларының қасиеттері |
Заманауи материалдар өндірісінің технологиялық жабдықтары |
Байланыстар
Басшысы
Шарипов Рустам Хасанович
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Моб. тел +7 702 100 98 77
Магистрлік және докторлық бағдарламалардың үйлестірушісі
Балгимбаева Улпан Аманкоскызы
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
вн. 473