ҚБТУ-дың ақпараттық технологиялар факультеті алда тұрған атаулы жыл оқиғасы – ACM ICPC   бағдарламалау бойынша  халықаралық олимпиаданың жартылай финалы – студенттік командалар арасындағы бағдарламалау бойынша халықаралық олимпиаданың жартылай финалы өтетіні туралы (https://icpc.baylor.edu) хабардар етеді.

2019 жылы 11 желтоқсанда бір мезгілде 4 қалада (Санкт-Петербург, Барнаул, Алматы, Тбилиси) Northern Eurasia (http://neerc.ifmo.ru) өңірі бойынша студенттік командалар арасында бағдарламалау бойынша  халықаралық олимпиаданың финалдық туры өтеді. Алматы турының Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында  (мекенжайы:Төле би көш.,59) өткеніне төрт жыл болды. Олимпиада бағдарламасы http://icpc.acm.kz бетінде ұсынылған.

Бүкіл әлем бойынша өмірдің барлық қырын сандық жүйеге көшіру дәуірінде мұндай  ауқымды зияткерлік жарыстар  жастар үшін, 2019 жыл жастар жылы ретінде жарияланған, әсіресе Қазақстан жастары үшін ерекше мәнге ие.

Northern Eurasia өңірі нақты алғанда бүкіл ТМД елдерінің (Украина мен Молдованы қоспағанда) университеттік командаларын қамтиды. 2019 жылғы қазан-қараша айларында өткен  өз өңірлері аясындағы іріктеу жарыстарынан соң қатысу құқығына ие болған 300-ге жуық команда қатысады деп күтілуде. Алматы қаласында Қазақстаннан 80-ге жуық команданың (40), Қырғызстан (15), Өзбекстан (20) және Тәжікстан (5) командалары өз жұмысын көрсетеді (Ақпарат үшін: 2018 жылғы жартылай финалға 60 команда қатысты). Турлардың қатарынан 4 қалада бір мезгілде өткізілуі қатысушы елдер қатарының кеңдігіне байланысты. Алматыда 1 желтоқсанда өтетін жартылай финал Орталық Азия чемпионатының финалы болып табылады.

Жартылай финалдың  қорытындысы бойынша 17 үздік команда 2020 жылғы маусымда Ресейде өтетін ACM ICPC бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалына  жолдама алады. Онда әлемнің 140 университетінен ең мықты студенттік командалар күш сынасады.

Тарихы мен өткен жылдар қатысушылары жөнінде

2019 жылы ACM ICPC чемпионаты өзінің 42 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде ол бүкіл әлем студенттерінің мансабын дамытудың әлеуетті сатысына айналды. Қазақстаннан қатысушылар  жыл сайын  өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп, халықаралық аренада  елеулі табыстарға қол жеткізуде. Олмпиадаға қатысқан көптеген қазақстандықтар Google, Microsoft, Booking.com, Facebook және т.б. сияқты компанияларда жұмыс істей отырып, бүкіл жер шарының жұртшылығына қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда отандық АТ компанияларында бұрынғы мықты ойыншылардың жетекші қызмет атқарып жүргендері де аз емес.

ACM ICPC-ке қатысқан 16 жыл ішінде қазақстандық университеттер бірнеше рет ӘЧ финалына шықты: ҚБТУ 6 рет (2006, 2011, 2012, 2013, 2018, 2019 жж.), ХАТУ үш мәрте (2013, 2014, 2019 жж.), Назарбаев Университеті екі мәрте (2014, 2015 жж.), ҚазҰУ+SatbayevUniversity 1 рет (2007 ж).

Демеушілер

Солтүстік Еуразия өңірі бойынша олимпиада демеушісі HUAWEI компаниясы болып табылады. Қазақстан жартылай финалына BTS Digital компаниясы екі жыл қатарынан бас демеуші болды. Сондай-ақ іс-шараға  ERG, KHAN Group, BTC.KZ, UMAG, ZAPIS.KZ, CODEBUSTERS_ компаниялары мен ҚБТУ Ақпараттық технологиялар факультетінің түлектер клубы қолдау көрсетуде.