. .

Құрметті студенттер!

 

Сіздерді келе жатқан жаңа 2021-2022 оқу жылымен құттықтаймыз!

Күзгі семестрдегі оқу процесі қолданыстағы карантиндік жағдайларды ескере отырып, онлайн және аралас форматта ұйымдастырылады.

Аралас формат дәрістерді онлайн режімде, ал практикалық және зертханалық сабақтарды Алматы қаламында орналасқан ҚБТУ ғимаратында өткізуді көздейді.

 

Бакалавриат студенттеріне арналған Онлайн формат:

1 оқу жылы (ҚТА-ның 1-курсынан басқа)

4-7 оқу жылы (барлық факультеттер)

 

Аралас формат

ҚТА - ның 1 оқу жылы 23 тамыздан бастап онлайн форматта оқуды бастайды, ал 2021 жылғы 25 қазаннан бастап аралас форматқа көшеді.

ҚТА - ның 2 оқу жылы 2021 жылдың 12 қыркүйегіне дейін теңіз оқу-жаттығу тәжірибесінде, 2021 жылдың 13 қыркүйегінен бастап оқуды аралас форматта жалғастырады.

ХЭМ - нің 2-3 оқу жылы -23 тамыздан бастап оқуды онлайн форматта бастайды, ал 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап аралас форматқа көшеді.

2-3 оқу курстары АТФ, ЭжМИФ, ГжГБФ, БМ, МжК ҒББО, ХИ ҒББО – 1 қыркүйектен бастап оқуды онлайн форматта бастайды, 2021 жылғы 1 қазаннан бастап аралас форматқа көшеді.

 

Аралас оқыту форматына көшетін барлық студенттер офлайн сабақтар басталғанға дейін 10 күннен кешіктірмей деканатқа короновирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны растайтын электрондық құжатты (вакцинация паспорты) ұсынуы қажет.

 

COVID-19 шалдыққан студенттер аурудан сауыққаннан кейінгі үш ай ішінде вакцинациядан босатылады және бұл тізімге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар студенттер де кіреді. Аталған студенттер офлайн сабақтар басталғанға дейін 10 күннен кешіктірмей университет дәрігерінен рұқсат алу мақсатында ҚБТУ медициналық қызметіне Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайы арқылы медициналық қарсы көрсетілімі бар екендігі туралы анықтаманы ұсынуы тиіс.

 

Студенттердің медициналық қарсы көрсетілімі туралы және COVID-19 шалдыққаны бойынша барлық өтініштерді Комиссия қарайды және белгіленген үлгіге сәйкес (1-қосымша) Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына қабылданады.

 

Университет ғимаратына және жатақханаға кіру "Ashyq" жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

МжСҮ-не орналасу вакцинация паспорты негізінде жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 16-20 тамыз аралығында wsp.kbtu.kz порталының «Жатақханаға сұраныс» модулі арқылы ұйымдастырылады.