Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы / Харари Ювал Ноаһ. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 368б. - ISBN 978-601-7943-26-4
Жүз мың жыл бұрын Homo sapiens осы ғаламшарда өмір сүрген алты түрдің бірі еді. Экожүйеде горилладан, жарқырауық қоңыздан немесе медузадан артықшылығы жоқ, елеусіздеу жануар болатын. Шамамен 70 мың жыл бұрынғы Homo sapiens-тің когнитивті қарым-қабілетінің жұмбақтау өзгерісі оны ғаламшардың қожасына әрі экожүйенің тажалына айналдырып жіберді. Ал басқа түрге не болды? Ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар қалай құрылды және күйреді? Неліктен барлық қоғамда әйелдерді еркектерден төмен қойды? Ғылым мен капитализм қалай ғана жаңа заманның ең басты арқа сүйеріне айналып шыға келді? Жүйткіген уақыт ағымында адамдар шынайы бақытқа кенеле алды ма? Болашақта бізді не күтіп түр?